Ұстаз - ұлағатты есім

Ұстаз – мейірім, махаббат, сүйіспеншілік, жанашырлық сезімдерінің көрігі. Ұстаз  – тағылымы ең  терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. 

13

Ұстаз болу - жүректің батырлығы,

Ұстаз болу - сезімнің ақындығы.

Ұстаз болу - мінездің күншуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы  – деп ақын Ғафу Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, жүзі жайдарлы ұстаздардың бірі , ғалым, филология  ғылымының кандидаты , доцент, өлкетанушы 40-тан аса ғылыми  еңбектің, соның ішінде облыстағы жер-су атауларының этнолингвистік ерекшеліктерін тануға арналған монография кітаптың авторы.  «Батыс Қазақстан облысының топономиясы», арнаулы курстың бағдарламасы, «Ақжайық өңірінің топономиясы», «Батыс Қазақстан облысы жер-су атауларының сөздігі», «Қазіргі қазақ тілі» (фонетика) курсы бойынша бақылау-жаттығулар жинағының қылқалам иегері, киелі қара шаңырағымыздың түлегі Ержанова Ұлдай Рысқалиқызы еді.

25 – қараша күні университетімізде Ержанова Ұлдай Рысқалиқызының мерейлі 60- жасқа толуына орай  кездесу кеші оздырылды. Кеш шымылдығын  М. Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры, парасат ордерінің иегері Асхат Сәлімұлы сөз сөйлеп кеш шымылдығын ашты.  Ұстаз - шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Осы шараны жүзеге асыру барысында ғылыми кітапхана  ұжымы  кітаптары мен зерттеулеріне  арналған «Ғалым. Ұстаз. Тұлға» атты көрме ұйымдастырып, көрермен назарына ұсынды. 

14 Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі - бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, аяулы да ардақты  ұстаздарымыз аман болсын.

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua