Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Жаңа Қазақстанды қалыптастырудағы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тағдыркешті шешімдері» IV Республикалық ғылыми-практикалық онлайн конференция

25 қараша 2016 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің базасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Жаңа Қазақстанды қалыптастырудағы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тағдыркешті шешімдері» IV Республикалық ғылыми-практикалық онлайн конференция өтті.

Конференцияға Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік базалық жоғарғы оқу орындары қатысты.

Конференцияны Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ректоры А.М. Ғазалиев ашып, құттықтау лебіздерін Қарағанды облысының әкімдігінің өкілі, «Нұр Отан» партиясының өкілі, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Б.С. Айтимова білдірді.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінен тарих ғылымдарының кандидаты Ж.Ж. Жақсығалиев «Әбілқайыр хан  және Елбасы Н.Ә.Назарбаев саясатындағы сабақтастық: тарих пен тағылым» атты баяндамасын оқыды.

Конференцияда 4 секция жұмыс жасап, конференция резалюциясы қабылданды.

online 1 online 2

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua