Қазақстан егемен елдігім менің

4

«Рухы бір – қандас, жүрегі бір – жандас» дейді дана халық. Егер егемендік тұсында елдігі бекем, тұғыры биік жұрт болсақ, оған сіздердің де қосқан үлестеріңіз қомақты деп білемін. Халқымызда «Теңдес ағайын баспанасымен, дербес халық астанасымен мақтанады» деген сөз бар. Келген қонақ үйге кіріп, иесін сынаса, өзге жұрт ордасын көріп, елін таниды. Сол сияқты қай қазақтың да «жан-жүрегім» деп марқаятын да, «өз сарайым» деп айта алатын да дарабоз, ақордалы, биік, бәйтеректі, самалдай, кең шатырлы Астанасы бар, тәуелсіз Қазақстаны бар. Тәуелсіздіктің қадірі, бостандықтың қасиеті, Отан деген ұлы ұғым – осы.  Н.Ә.Назарбаев 

Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты

жиында сөйлеген сөзінен

15желтоқсан 2015 жыл

 

 http://www.akorda.kz/ru/

 

5

Биыл  Егеменді еліміз үшін ерекше де айтулы жыл, себебі ғасырлар бойы ата-бабамыз аңсап өткен Егеменді ел болғанымызға    25 жыл толып отыр.

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. 

 

Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқшанда айтып келеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз. 

6

2012 жылдан бастап 1 желтоқсан  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін атап өтеміз. 

Қазақстан тәуелсіздік алған жиырма бес жылдан астам  уақыт ішінде  көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев тарихтың сын сағаты соққанда туған халқының көреген көшбасшысы, жарқын істердің жасампаз тұлғасы ретінде қазақ халқының мақтанышына айналды. Осыған орай М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде  қараша-желтоқсан айларында, «Артық  ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» -  деп Абай атамыз атап өткендей, университетіміздің ғылыми кітапханасы мәдени-тәрбиелік орталық ретінде іс-шараның өткізілуіне белсенді үлес қосып келеді. 2016 жылдың 25 қараша күнінде №1 оқу залының кітапханашылары Н.К.Есенгазиева және А.А.Кемешева қазақ филологиясының студенттері арасында зияткерлік ойындар өткізіп, оқу залында «Тәуелсіздіктің тірегі-ұлттық тіл» атты кітап  көрмесіне шолу жасады. 

7

24- қараша күні №2 оқу залының қызметкерлері Мұқтарова В.С. және Кисметова А.Р.  еліміздің еңсесін биіктетіп, алаш абыройын асқақтатқан Елбасын  ұлы тұлға ретінде үлгі тұту мақсатында «Елтұтқасы - Елбасы» атты көрме ұйымдастырып, Елбасы                        Н.Ә. Назарбаев туралы кітапханаға жаңадан келіп түскен кітаптарға шолу жасады. Аталмыш көрмеге физика-математика факультетінің 04404 топ студенттері мен биология мамандығының 01307 топ студенттері белсене қатысты. Тарих экономика және құқық факультетіне орналасқан №3 оқу залының кітапханашылары Канафина.Г.О, Сабырова.С.М. да белсене ат салысып, тәуелсіздік туралы кітаптарға шолу жасады. Осы шараға есеп және аудит мамандығының және құқықтық пәндер кафедрасының  бір топ  студенттері белсене қатысты. Педагогика факультетінің  №4 оқу залының кітапханашылары  М.Н Дінгалиева мен А. Жусупова   «Болашақта ел намызын қорғайтын жастармен» атты шара өткізіп, бірнеше кітап көрмелеріне шолу жасады:

-«Тәуелсіздік еліміздің нұрлы таңы»;  

-«Біздің Елбасы - Назарбаев»  

-«Біз Мәңгілік ел  жастарымыз».  

 Шараға педагогика және психология,    бейнелеу өнері  мен дизайн және дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі мамандықтарының студенттері атсалысты. 

Жоғарда аталып өткен көрмелер бірнеше бөлімнен тұрады:

1.«Ұлт Көшбасшысы»

2.«Әлем саясаткерлері Н.Ә. Назарбаев туралы»

3.«Тәуелсіздік нышандары»

4.«Елбасы жолдады-елі қолдады»

5.«Елбасы еңселеткен Елорда» 

6.«Бір халық- бір ел- бір тағдыр»

7.«Тәуелсіздік-ел тұғыры»

8

Тарихи көрмелерде Елбасының елді басқарған жылдарындағы хронологиялық томдық басылымдары, Президенттің әр жылдары жарық көрген кітаптары, ол туралы жазған авторлардың томдық кітаптары, отбасылық өмірбаяны, алғашқы еңбек жолын баяндайтын құжаттар мен наградалары, елдің ішкі және сыртқы саясаты, әлеуметтік саланың өркендеуі жөніндегі құнды басылымдар көрмеден орын алады. Сонымен қатар «Қазақстан - 2030» стратегиясы, Елбасының Қазақстан халқына жолдаулары ЕҚЫҰ саммиті, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі, инттелектуалды ұлт қалыптастыру және елімізде салауатты өмір салтын нығайту жолында жетістіктер көрсетілген. 

9

Барлық шаралар жас ұрпақтың бойына тарих толқындарынан сыр шертіп, патриоттылықты дарытып, отансүйгіштікке тәрбиелеп, тұрақтылық пен бірлік, халықтар достығының беріктігінің кепілі - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қызмет жолын үлгі ету мақсатында  жүзеге асты.

 

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua