Жаратылыстану-география факультетінде «Көптілділік – қазіргі заманғы білім берудегі басым бағыттардың бірі» тақырыбында көптілділік апталығы ұйымдастырылды

2016 жылдың 31 қазан - 4 қараша   аралығында  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25-жыл толуына орай, «Көптілділік – қазіргі заманғы білім берудегі басым бағыттардың бірі» тақырыбындағы көптілділік апталығы ұйымдастырылды. Басты қонақ ретінде Көптілділік институтының директоры, доктор PhD Lee Jong Hyun, Болон процессі орталығының жетекшісі, доктор PhD Зубков Владислав Сергеевич, сонымен қатар  академиялық ұтқырлық  бағдарламасы бойынша жаратылыстану-география факультетінде білім алып жатқан  Долина Миссисипи Мемлекеттік Университетінің студенті Lavester Deonte White қатысты.

Апта аясында көптеген іс-шаралар оздырылды: 

31 қазан күні жаратылыстану-география факультетінің Зоология музейі, Кеппешөп қоры,  Химиялық лабораторияға ағылшын тілінде экскурсия, Көптілдік-қазіргі заманғы білім берудегі басым бағыттардың бірі» тақырыбында  факультет ұжымының қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

11-01 11-02 11-03

«Көптілдік-қазіргі заманғы білім берудегі басым бағыттардың бірі» дөнгелек үстел 31 қазан күні химия кафедрасының ұйымдастыруымен көптілділік химиялық кеші ұйымдастырылды. Химиялық кеш ағылшын тілінде жүргізіліп, студенттер химиялық зерттеулерін үш тілде жетік жеткізе білді.  Кеш барысында химиялық зерртеулер көрсетіліп, студенттер арасында ойындар ойналды.  Бұл шарада Долина Миссисипи Мемлекеттік Университетінің студенті Lavester Deonte White белсене қатысып дипломмен марапатталды.

1 қараша күні география кафедрасының ұйымдастыруымен «Geography of West Kazakhstan» тақырыбында конференция өтті. Бұл конференцияның негізгі мақсаты келген қонақтарды Батыс Қазақстан облысының географиялық жағдайымен таныстыру болды.  Конференция барысында ағылшын тілінде баяндамалар оқылды.

11-04Сонымен қатар,  апта аясында «Химия» кадедрасының оқытушысы Исполова А.Ж., «Биология және экология» кафедрасының оқытушысы Удреева К.С. ағылшын тілінде дәрістік, зертханалық  сабақтарын өткізді.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25-жыл толуына орай, «Көптілділік – қазіргі заманғы білім берудегі басым бағыттардың бірі» тақырыбындағы көптілділік апта бағдарламаға сай өткізілді және оқыту барысында студенттерге оң ықпал етті.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua