«Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Дулат Бабатайұлының «Өсиетнама» өлеңдер мен дастандар жинағын оқуға арналған әдеби кеш

«Сорғалаған нөсердей жырын тыңда Дулаттың...»

«Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Дулат Бабатайұлының  «Өсиетнама» өлеңдер мен дастандар жинағын  оқуға арналған әдеби кеш                

Қазақ әдебиетін насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа, өнегелілікке тәрбиелеу, сондай-ақ оқырмандарды әдеби-көркем кітаптарды оқуға, кітапханаға тартуға бағытталған «Бір ел-бір кітап 2016» акциясына,   ұйымдастыру комитетінің отырысында оқырмандардың ең көп дауыс жинауына байланысты, «2016 Жыл кітабы» болып қазақ әдебиеті  тарихында көрнекті орын алатын  ірі ақындардың бірегейі -  Дулат Бабатайұлының  «Өсиетнама» өлеңдер мен дастандар жинағы  таңдалып алынды. 

1 2 3Осыған орай Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасы және қазақ филологиясы кафедрасы бірлесе отырып  «Өсиетнама» өлеңдер мен дастандар жинағын оқуға байланысты әдеби кеш өткізді. Аталмыш шараға   Ж. Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана директордың кітапхана ісі бойынша орынбасары Кенжебаева Сара Көшәліқызы, М. Өтемісов атындағы  БҚМУ профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер, студенттер мен магистранттар қатысты.

Шараны  Ж. Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана директордың кітапхана ісі бойынша орынбасары Кенжебаева Сара Көшәліқызы ашып, әдеби кештің сәнді де мәнді өтуіне тілек білдірді. 

М.Өтемісов атындағы БҚМУ қазақ филологиясы кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Шайекенов Жангелді Жұмақайұлы Абай дәуіріне дейінгі қазақ поэзиясын мазмұн, тақырып және көркемдік тәсілдері жағынан байытып, жаңа биікке көтерген «Зар заман» ақындарының бірі  Дулат Бабатайұлының шығармашылығы хақында  сыр шертті.

Әдеби кеш сайыс түрінде өтті.  Сайысқа  қазақ филологиясының 1 курс студенттері және қазақ тілі мен әдебиеті, кітапхана ісі және мәдени тынығу мамандықтарынан құралған құрама топ студенттері   қатысты.  

Сонымен қатар мәдени -тынығу жұмысының 1 курс студенті Нұрболатов Нұрдәулет     «Қалдырған»  толғауын,  дәстүрлі өнер мамандығының 2 курс студенті Нагимова Айжан  «Еңбек» термесін,  вокал мамандығының 2 курс студенті Пахман Назгүл "Толғау" әнін орындап, өнер сүйер қалың көрерменнің  шаттыққа бөледі. 

Шараны БҚМУ Ғылыми кітапханасының директоры Тоты Еркінқызы Алимбекерова қорытындылап, шараға қатысқан қонақтарға, профессор оқытушылар құрамына, студенттерге кітапхана ұжымы тарапынан үлкен алғыс білдірді. 

Кеш соңында Ж. Молдағалиев атындағы  Облыстық әмбебап ғылыми кітапхана директорының кітапхана ісі бойынша орынбасары Кенжебаева Сара Көшәліқызы осындай ауқымды шараға ат салысқаны үшін БҚМУ ғылыми кітапханасының директоры Т. Е. Алимбекероваға, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Н. Қ.Есенгалиеваға,    БҚМУ Қазақ филологиясы кафедрасының доценті, ф. ғ. к., Ж. Ж. Шайекеновке алғысын білдіріп,   сайысқа қатысқан студенттерге Ж. Молдағалиев атындағы облыстық  әмбебап ғылыми кітапхана атынан Алғыс хатпен кітап  табыс етті.  

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua