Батыс Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс: тарихы мен тағылымы

2016 жылдың 31 қазанында киелі қара шаңырақ М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығына арналған «Батыс Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс: тарихы мен тағылымы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел қонақтары өлкеміздің белгілі тарихшы ғалымдары –т.ғ.д., профессор Тасмағамбетов Ә.С., өлкетанушы Жайсан Ақбай, т.ғ.к. Құрманалин С.Б., т.ғ.к. Хайдаров Ж.Е., т.ғ.к. Исмурзин Ж.А., т.ғ.к. Байбулсинова А.С., сондай-ақ, «Дана Кaz» журналының бас редакторы Кабжанов Қ.Қ., «Жайық Пресс» ЖШС-нің бас директоры Сафуллин Ж.Н., «Қазақстан» РТРК БҚО филиалының тілшісі Балмолда М.М., ф.ғ.к. Мамыров А.Ы, БҚО Қазақ драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі, ҚР Журналистер одағының мүшесі Сәдір Н.Қ. және университет оқытушылары, студенттері т.б. қатысты. Дөңгелек үстелдің ашылуын модератор т.ғ.к., доцент Жақсығалиев Ж.Ж. бастап, сөз кезегін М.Өтемісов атындағы БҚМУ бірінші проректоры, т.ғ.д. Тасмағамбетов Әсет Сембайұлына берді. 

Аталған зиялылар бұл көтерілістің мән-маңызы жағынан қазақ даласында болып өткен  көтерілістердің ішіндегі шоқтығы биік, отаршыл империяның қыспағына көне қоймаған қазақ халқының жанкешті қозғалыстарының бірі ретінде бағалап, атаулы күндерде тойланып қалмай, назарда жүру керек тақырып деп өз пікірлерін ортаға салды. Сол оқиғаға арналып бір еңселі ескерткіш орнатылса, ұлттың азаттығы жолында қаза болған бабаларымызға да, сол маңызды тарихи кезеңге де көрсетілген құрмет пен сауабы мол үлкен бір шара болған болар еді деген ойларында атап өту қажет. 

Жабылу сөзін т.ғ.к., доцент Жақсығалиев Ж.Ж. келген қонақтар мен оқытушыларға, студенттерге алғысын білдіріп, қорытындылап тәмамдады. 

1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына арналған дөңгелек үстел тақырыбына орай ғылыми кітапхана атынан көрме ұйымдастырылды. 

krugl stol 1 krugl stol 2 krugl stol 3

 

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua