ҚР-ның Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Инклюзивті білім берудің теориялық және тәжірибелік өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті және ФМБББМ ЖКБ Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен 2016 жылдың 20 қазанында ҚР-ның Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Инклюзивті білім берудің теориялық және тәжірибелік өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Мақсаты: халықаралық ғылыми және практикалық тәжірибені қорыту, жүйелеу, инклюзивті тәжірибелерді табысты қолдану мен тарату үшін жағдай жасау, педагогикалық қоғамдастық пен қоғамды арнайы және инклюзивті білім беру жүйесіндегі шешімдерді әзірлеуге, аталған процесті ресурстық жағынан қамтамасыз етуге тарту.

Конгреске барлығы 315 адам қатысты.

Конференцияға қатысушылардың географиясы – Корея (Сеул), Израиль (Тель Авив), Молдова Республикасы (Кишинев қаласы), Қазақстан Республикасы (Ақтөбе, Орал, Атырау, Тараз, Семей, Алматы қалалары), Ресей Федерациясы (Мәскеу, Орынбор, Челябинск, Соль-Илецк қалалары).

Конференция барысында қатысушылар баяндамалар жасады, шеберлік сыныптарында теория мен практикадағы  арнайы және инклюзивті білім беру бойынша өзекті мәселелер қарастырылды, осы бағыттағы халықаралық тәжірибелер талқыланды, инклюзивті білім беруде кездесетін кедергілерді шешудің тұжырымдамалық  тәсілдері әзірленді.

Конференцияға қатысушылар жалпы және кәсіптік білім беру жүйесіндегі инклюзивті процестердің дамуына байланысты ауқымды мәселелерді талқылады:

мүмкіндігі шектеулі білім алушылар (денсаулығына  байланысты шектеулі) үшін арнайы және инновациялық технологиялар Стандарттарын қолдану;

дефектолог, арнайы психолог, тьютор мамандарын дайындау;

әлемдік практикада құқықтық инклюзиялық алаңды қалыптастыру: Корей Республикасы, Израиль, Қазақстан, Ресей Федерациясы, Молдова.

konfer inkluz 1 konfer inkluz 2 konfer inkluz 3

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция барысында  бірқатар өзекті мәселелер талқыланды:

Инклюзивті білім беру саласындағы мемлекеттік саясат (мүгедек балалар мен мүгедектердің жағдайын инклюзивті білім беру жүйесінде заңнамалық қамтамасыз ету және құқықтық реттеу).

Ресей мен Қазақстандағы инклюзивті білім беру тәжірибесі (үлгілер, әдістемелер, инклюзивті білім берудің психо-педагогикалық технологиялары, әр түрлі ауытқулары бар тұлғаларды интеграциялауды білім берудің барлық деңгейлері мен сатыларында дамыту тәжірибелері, инклюзивті білім беруде мүгедектерді психо-педагогикалық тұрғыдан сүйемелдеу, инклюзивті білім беруде ПМПК мен отбасы арасындағы қарым-қатынаста кездесетін қиындықтар мен оларды шешу жолдары, тьюторлық қолдау, инклюзивті білім беруде айрықша білім беру қажеттілігі бар балаларға медициналық сүйемелдеу, т.б. 

Инклюзивті білім беру үшін кадрларды дайындау (студенттердің кәсіби-педагогикалық даярлығын жетілдіру, педагогикада жаңа инклюзивті педагогика бағытын қалыптастыру, инклюзивті білім беру жүйесін енгізуге мұғалімдердің психологиялық тұрғыдан дайын еместігі және т.б.)

Инклюзивті білім беру жүйесін ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету (әдіснама, технологиялар, модельдер, ресурстық қамту, шарттар мен тетіктер, ақпараттық және әлеуметтік-педагогикалық қолдау, инклюзивті білім беру ортасын қалыптастырудағы педагогикалық-ұйымдастырушылық шарттары және т.б.)

Білім беру ортасына қолжетімділікті қалыптастыру (алғышарттар, тенденциялар, модельдер, қиындықтар, Қазақстанда, Ресейдегі инклюзивті білім берудің даму перспективалары мен басым бағыттары, т.б.)

Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушылар әр түрлі елдердің білім беру жүйесінде инклюзияның басты әрі тиімді әлеуметтік тетік екендігі және осы жүйедегі білімді әр адамның ала алатындығы жөнінде ортақ ойда болды; ЮНЕСКО инклюзивті білім беруді тұтас феномен ретінде қарап, барлық адамдардың сапалы білім алуға тең қолжетімділікке ие болатындығын мойындады; инклюзия принциптері гуманизм идеяларына, ақыл-ой мен шығармашылық қабілет мүмкіндіктерінің дамуына, әрбір жеке тұлғаның зияткерлік, этникалық, эмоционалды және физиологиялық  деңгейлеріне негізделеді. БҰҰ-ның мүгедектер құқықтары жөніндегі конвенциясы мүгедектігі бар балалар мен студенттерді өздерінің дені сау құрдастарымен бірге мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, мектептерде, ұйымдарда, қосымша білім беру, орта және жоғары оқу орындарында білім алуға талап етеді.

Конференцияға қатысушылар тұтастай алғанда:

- әлемдік тәжірибеде инклюзивті білім беруде кездесетін қиындықтарды шешудің оңтайлы жолдарының дамуын қарастыру, соның ішінде Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы;

- әлемдік тәжірибеде ерекше білім алу қажеттіліктері барларға инклюзивті білім беруді ұйымдастырудағы кездесетін жалпы қиындықтар, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасында инклюзивті білім берудің тиімді технологияларын тарату.

- Білім беру саласында ерекше білім алу қажеттіліктері бар тұлғалардың арасында әлеуметтік серіктестікті дамыту және оларды жұмысқа орналастыру;

Қатысушылар  инклюзивті білім берудің негізгі бағыттарын, жалпы ұстанымын түсінуге, практикалық міндеттерді іске асыру одан әрі дамытып жетілдіруге бірауыздан шешім қабылдап, инновациялық білім беруде төмендегідей қажетті ұсынымдарды әзірледі.

 

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua