Қалмақ елі жақын бола түсті

kalmikiya 221 қыркүйек күні М.Өтемісов атындағы БҚМУ-не В.В. Городовиков атындағы Қалмақ мемлекеттік университетінің (Элиста, Ресей) өкілдері ғылыми-зерттеу және сыртқы ынтымақтастық жөніндегі проректоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент В.О.Имеев және ауыл шаруашылығы факультетінің деканы, ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы, профессор А.К.Натыров келді. 

kalmikiya 1 kalmikiya 3

Қонақтар университеттің педагогика және жаратылыстану-география факультеттерінде болды.Педагогика факультетінде дөнгелек үстел ұйымдастырылды.Дөңгелек үстел барысында Қалмақ мемлекеттік университетінің өкілдері өз сапарларының мақсаты туралы әңгімелеп берді.

Ғылым және халықаралық қарым-қатынастарын нығайту, студенттермен алмасуға, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларды іске асыруға, ғылым фестивальдерді, конференцияларды, студенттік ғылыми форумдарды, және т.б. іс-шараларды жалғастыруға шақырды.

Сондай-ақ, қонақтар жаратылыстану-география факультетінде болып факультет мұражайының экскурсиясына қатысты. 

Ғылыми кеңестің  шешімімен В.В. Городовиков атындағы Қалмақ мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыстар және сыртқы ынтымақтастық жөніндегі проректоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент В.О. Имеев пен аграрлық факультеттің деканы, ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор А.К. Натыровқа М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың құрметті профессоры атағы берілді.

Ғалымдар В.О.Имеев және А.К.Натыров жоғары атағы үшін университет әкімшілігіне алғысын білдіріп және екі университет арасындағы байланыстарды жалғастыруға және тереңдетуге зор үмітін білдірді.

М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.С.Имангалиевке Қалмақ үкіметінің төрағасы Игорь Зотовтың атынан құрмет грамотасы салтанатты жағдайда табысталды.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua