М.Өтемісов атындағы БҚМУ III халықаралық инвестициялық «WESTKAZINVEST 2016» атты бизнес-форумға қатысуы туралы

forum012016 жылдың 8 қыркүегінде Орал қаласында «WestKazInvest 2016» атты халықаралық бизнес-форум болып өтті.

Ең алдымен форум қойылған ғылыми-инновациалық жобалардың көрмесінен басталды. Көрмеге М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-ң ғалымдарының ғылыми-инновациялық жобалары қойылды:

 

  1. «Разработка методологии использования и переработки карбонатного бурового шлама бурового раствора на нефтяной основе» (ғылыми жетекші: х.ғ.д., профессор. Мендалиева Д.К.);
  2. «Научные исследование в области альтернативного развития методов утилизации «карбонатного» бурового шлама, бурового раствора на нефтяной основе (КВШ)» (ғылыми жетекші: х.ғ.д., профессор. Мендалиева Д.К.).

 

Форумның салтанатты ашылуы БҚО әкімінің орынбасары И.В. Стексов ашты. Онда БҚО әкімінің орынбасары И.В. Стексовтың атап өткеніндей, өңірдің инвестициялық әлеуетін таныстыру, түрлі салаларда өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында ұйымдастырылған форумға Ұлыбритания, Финляндия, Ресей Федерациясы, Иран, Италия, Исландия, Чехия елдерінен, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларынан, еліміздің өзге де аймақтарынан жетекші шетелдік және ұлттық компаниялар, халықаралық қаржы корпорациялары, қаржы орталықтары мен даму институттарының өкілдері, кәсіпкерлер келді. Тауар өндірушілердің көрмесінде сексеннен астам компания өз өнімдерін көпшілік назарына ұсынды.

Инвесторлар мен жергілікті компаниялар өкілдері пікір алмасып, барлығы 14 меморандумға қол қойылды.

Батыс Қазақстан облысы әкімі атынан «WESTKAZINVEST 2016» ІІІ халықаралық инвестициялық форумының жұмысына белсенді қатысқаны үшін университетімізге алғыс жариялады

forum02

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua