Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Жастар және ғылым» атты магистранттар мен студенттердің ғылыми апталығы өткізілді

19-05-225 сәуір - 6 мамыр аралығында М.Өтемісов атындағы БҚМУ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Жастар және ғылым» атты магистранттар мен студенттердің ғылыми апталығы өткізілді. Апталық конференцияның ашылуымен басталды. 74-ші ғылыми конференция 36 секция бойынша өткізілді. Конференцияға 532 студент ғылыми баяндамамен қатысып, олардың ішінен үздік мақалалар арнайы жинақ болып жарияланады.

25 сәуір  «Жастар және ғылым» атты магистранттар мен студенттердің ғылыми апталығының ашылу салтанаты өтті. Аталған шараға университеттің профессор-оқытушылық құрамы, ҒЖ және ХҚ проректоры п.ғ.д. Имашев Г. И.,  Тәрбие жұмысы  және Әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор п.ғ.к. Даришева Т.М., факультет декандары, профессор-оқутышылық құрамы, студенттер мен магистранттар қатысты. 

19-05-128-29 сәуір күндері студенттер мен магистранттардың университетіміздің белгілі ғалымдарымен: т.ғ.д. Тасмағамбетов А.С., т.ғ.д., академик Т.З. Рысбеков, п.ғ.д., б.ғ.д., профессор Т.Е. Дарбаева, б.ғ.к., профессор М.М. Фартушина, х.ғ.д., профессор Д.К. Мендалиева, ф.-м.ғ.к., профессор А.Е. Кузьмичевамен кездесулер ұйымдастырылды. Кездесу барысында жастық шағынан ғылымға құштар болу, ғалымдар арасындағы ұрпақтар сабақтастығының маңызы кеңінен насихатталып, бүгінгі Қазақстан ғылымы алдында тұрған міндеттер түсіндірілді. 

Ғылыми апталық аясында өткізілген шараларда белсенділік танытқан магистранттар мен студенттерге ректордың атынан дипломдар мен алғыс хаттар табысталды. 

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua