Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Жастар және ғылым» атты студенттер мен магистранттардың ғылыми апталығының ашылу салтанаты өтті

30-04-1Сәуір айының 25 жұлдызында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде 2016 жылдың 25 сәуір – 6 мамыр аралығында өтетін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Жастар және ғылым» атты студенттер мен магистранттардың ғылыми апталығының ашылу салтанаты өтті. Аталған шараға университеттің профессор-оқытушылық құрамы, ҒЖ және ХҚ проректоры п.ғ.д. Имашев Г. И.,  Тәрбие жұмысы  және Әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор п.ғ.к. Даришева Т.М., факультет декандары, профессор-оқутышылық құрамы, студенттер мен магистранттар қатысты. 

Ғылымды кеңге жаю және студенттердің ғылыми-ізденушілік, оқу-танымдық әрекеттерін ынталандыру мақсатында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Жастар және ғылым» атты студенттер мен магистранттардың ғылыми апталығы аясында ғылыми-тәжірибелік конференция, университетіміздің белді ғалымдарымен кездесулер, факультеттердің профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар мен студенттердің ғылыми жетістіктерінің көрмелері және дөңгелек үстелдер өткізілетіндігі айтылды. 

30-04-2Ғылыми апталықтың ашылу салтанатында өзекті де мазмұнды баяндамалар оқылып, «Роботехника» үйірмесінің жетекшісі, математика мамандығының 1-курс магистранты Хабибуллин Мадияр үйірмеде дайындалған жобалармен таныстырып, жиналған қауымға ерекше әсер сыйлады Сонымен қатар бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығының студенті Өтепова Тлекші өзінің «Батыс Қазақстан облысы шикізатын қолдану арқылы әртүрлі шыны алу әдісін ұсыну» атты жұмысымен жасалынған өнімін (шыны тастар) көрсетіп халайықты таң қалдырды. Университет студенттерінің олимпиадалар мен халықаралық байқаулардағы  жетістіктері, жүлделі орындары да назардан тыс қалмады. Олимпиадалардан жеңіспен оралған студенттер өз әсерлерімен бөлісіп, жүрекжарды құттықтауларымен бөлісті.  

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua