Ғылым қызметкері күніне арналған «Ғылым, білім және инновация-болашаққа нық қадам» атты дөнгелек үстел

22-04-1Сәуір айының 12 жұлдызында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Ғылым қызметкері күніне арналған «Ғылым, білім және инновация-болашаққа нық қадам» атты дөнгелек үстел өткізген болатын. Аталған шараға университеттің ғылым докторлары, профессорлар, факультет декандары мен жас ғалымдар қатысты. Университетіміздің бірінші проректоры т.ғ.д. Тасмағамбетов Ә. С., ҒЖ және ХҚ проректоры п.ғ.д  Имашев Г. И. ғалымдарды мерекелерімен құттықтап, ғылым жолында үлкен жетістіктерге қол жеткізгені үшін ғалымдарды алғыс хаттармен, кәдесыймен марапаттады.

Дөнгелек үстел барысында физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор Кузмичева А.Е., биология ғылымдарының докторы Дарбаева Т.Е. және педагогика ғылымдарының докторы Салов В.Ю ғалымдарды құттықтап өздерінің ғылым жолында қол жеткізген жетістіктерін баяндап берді. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің ғылыми-зерттеу қызметінің келешегі атты пікір-алмасуға ғалымдар белсенді қатысып өз ойларымен бөлісті. 

Факультет декандарының атынан құттықтау сөзін тарих, экономика және құқық факультет деканы э.ғ.к. доцент Нестеренко Г.И. жалғастырды.

Жас ғалымдардың атынан Тургумбаев А. А. құттықтау сөз сөйлесе, Назарбаев университетінің ғылыми қызметкері, М.Өтемісов атындағы БҚМУ түлегі, PhD  докторы Жакиев Н. Қ.

Ғылым қызметкерлер күніне арнап ғалымдарға  бейнеқұттықтау жіберді. 

Дөнгелек үстел өте жоғары денгейде өтіп, оның қорытындысы бойынша резолюция қабылданды

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua