ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәдениет қайраткері, ҚР Білім беру министрлігінің құрметті қызметкері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Махамбет Ержанұлы Ержановтың «Домбыра үйрену әдістемесі» атты ғылыми еңбегінің тұсаукесер рәсімі өтті

lib wksu 1«Нағыз қазақ - қазақ емес,

Нағыз қазақ – Домбыра!» 

Қадыр Мырза Әли

lib wksu 22016 жылы  сәуірдің 8 күні М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасының ғалымдар залында 12 сәуір ғылым күніне орай педагогика ғылымдарының докторы, профессор, академик,  ПӘҒА тұрақты мүшесі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәдениет қайраткері, ҚР Білім беру министрлігінің құрметті қызметкері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Махамбет Ержанұлы Ержановтың «Домбыра үйрену әдістемесі» атты ғылыми еңбегінің тұсаукесер рәсімі өтті. Аталмыш шараға университеттің Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Ғизатолла Имашұлы Имашев, ғылыми кітапхана директоры Тоты Еркінқызы Алимбекерова, жас ғалымдар оқу залының кітапханашысы Нашинова Талшын Сәлімқызы, Махамбет Ержанұлының шәкірттері және студенттер мен магистранттар қатысты. Кеш барысында ғалым дәстүр бойынша «Домбыра үйрену әдістемесі» кітабын ғылыми кітапхана қорына сыйға тартты. «Сұрақ - жауап» айдарында тарих және экономика, мәдениет және өнер факультеті студенттері мен магистранттары ғалымның өмірі мен шығармашылығына байланысты қызықтыратын сұрақтарға жауап алды.

 

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua