Поэзияның асқар шыңы- Мұқағали Мақатаев

04 03 1-minБүгін менің туған күнім, 

Ой бәлі-ай!

Мына адамдар неге жатыр тойламай?!

Банкет жасап берер едім өзім-ақ

Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай

***

«Ақынмын деп қалай мен айта аламын, 

Халқымның өз айтқанын қайталадым. 

Күпі киген қазақтың қара өлеңін, 

Шекпен жауып өзіне қайтарамын»

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасында Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына арналған және 1 наурыз алғыс айту(ризашылық) күніне орайластырып ұйымдастырылған «Поэзияның асқар шыңы- Мұқағали Мақатаев» атты әдеби-сазды кеш болып өтті. Бұл кешке ғылыми кітапхана директоры  Т. Е. Алимбекерова, кітапхана ұжымы,  Батыс Қазақстан облысындағы ЖОО, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары кітапханаларының кітапханашылары, педагогика факультетінің деканы Ергалиева Гүлжан Алгазиевна  және студенттер қатысты. Шара барысында қазақ филологиясының студенттері М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан көрініс көрсетіп көрермендер ықыласына бөленді. Қазақ филологиясының 1 курс студенттері- Аманжолов Әнуар, Орынғали Ақторғын, Шапағат Ақтоты Мұқағалидың жан-тебірентер поэзиясын әр жүректерге жеткізе оқыды. Қазақ филологиясы мен вокалдық өнер мамандығының 1 курс студенттері Жұмагелді Талант пен Пахман Назгүл ақын қиялы мен арманы арқылы сана атаулыны қозғап, Мұқағали мұңы болып жүректерге сапар шеккізіп өз актерлік шеберліктерімен жұртшылықты тәнті етті. «Сенің көзің» әнімен аспапта орындау мамандығының 2 курс студенті Хойшин Алтынбек ақын өлеңдеріне әр беріп, көрерменді ғажайып сезімге бөледі. Мұқағали Мақатаев жырларымен сусындап өскен жастарымыз-Лұқпанов Меңдібек, Ғилымханов Марлен, Пахман Назгүл  ақиық ақынымызға өз жырларын арнап, жүрек жарды туындыларын көпшілікке паш етті. Шара соңында қазақ филологиясының 1 курс студенті Ихсанғалиев Жеңісбек мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың образын сомдап, «Автограф» өлеңін шабыттана оқып көрермендер қошеметіне бөленді. Сөз соңында ғылыми кітапхана директоры Алимбекерова Тоты Еркінқызы барша қатысқан студенттер мен оқытушыларды шараға келген қонақтарды көктемнің алғашқы күнімен, 1 наурыз ризашылық күнімен құттықтап, жүрек жарды лебізін білдіріп, өз алғысын жеткізді. Көрермендер тарапынан сөз алған Ергалиева Гүлжан Алгазиевна рухани байлық сыйлаған кітапхана ұжымына ризашылығын жеткізді.

 

 

Ғылыми кітапхана

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua