Доцент, тарих ғылымдарының докторы Нургалиева Агила Мустахимовнамен кездесу кеші ұйымдастырылды

nurgalieva-min2016 жылдың 26 ақпанында М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жас ғалымдар мен магистранттар оқу залында доцент, тарих ғылымдарының докторы Нургалиева Агила Мустахимовнамен кездесу кеші ұйымдастырылды. Бұл шараға ғылыми кітапхана директоры Алимбекерова Тоты Еркінқызы, Жоғары оқу орнынан кейінгі дайындық бөлімінің жетекшісі Тастаева Жанна Кеңесқызы, жас ғалымдар оқу залының кітапханашысы Нашинова Талшын Сәлімқызы, ҚР тарихы кафедрасының аға оқытушылары, тарих ғылымдарының кандидаттары Тукешева Назгуль Мукатаевна, Байболсынова Альфия Сабыргалиевна және магистранттар қатысты.

Мерейтой иесіне ЖОО-дан кейінгі дайындық бөлімінің жетекшісі Тастаева Жанна Кенесовна, шақырылған қонақтар Тукешева Назгуль Мукатаевна, Байболсынова Альфия Сабыргалиевна өз жылы лебіздерін білдірді.

Кеш барысында магистранттар мерейтой иесінің өмірі мен ғылым жолындағы жетістіктеріне байланысты  көптеген сұрақтарға жауап алды және көрермендер назарына « Ұлылықтың басында ұстаз тұрар » атты слайд көрсетілді. 

Хасанова Сымбат «Жеңіс» күйін, Габдулов Бахтияр әнін «Ұстазым» шығармасын орындап, өз өнерін көрермендерге паш етті. 

Кеш соңында мерейтой иесі ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua