Ғалымның айқын ізі

mendalieva 1-min2016 жылдың 18 ақпанында М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жас ғалымдар мен магистранттар оқу залында профессор, химия ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері Мендалиева Дина Кенжебекқызымен кездесу кеші ұйымдастырылды. Бұл шараға Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Имашев Ғизатолла Имашұлы, ғылыми кітапхана директоры Алимбекерова Тоты Еркінқызы, Жоғары оқу орнынан кейінгі дайындық бөлімінің жетекшісі Тастаева Жанна Кеңесқызы, жас ғалымдар оқу залының кітапханашысы Нашинова Талшын Сәлімқызы, Жаратылыстану факультетінің оқытушысы Р.Н. Губашева және магистранттар қатысты.

 

 

mendalieva 2-min Кеш барысында магистранттар мерейтой иесінің өмірі мен ғылым жолындағы жетістіктеріне байланысты  көптеген сұрақтарға жауап алды және көрермендер назарына «Ұстаздардың ұстазы» атты слайд көрсетілді. 

Мұхамбетұлы Асқар «Адай» күйін, Беркінұлы Азамат саксафонмен «Бесаме мучо» шығармасын орындап, өз өнерін көрермендерге паш етті. 

Кеш соңында мерейтой иесі- Дина Кенжебекқызы  ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, бірнеше құнды кітаптарды кітапхана қорына сыйға тартты.

 

Ғылыми кітапхана

 

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua