1 желтоқсан-ҚР тұңғыш президент күні!

biblioteka 11 желтоқсан күні барша  еліміз Қ.Р. Тұңғыш Президент күнін атап өтеді. 1 желтоқсан айтулы күн. 1991 жылы дәл осы күні тәуелсіздік тарихымымызда бүкілхалықтық Президент сайлауы өткізіліп, елбасымыз халықтың ықылас мерейіне бөленіп, жеңіске жеткен болатын.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде 27-28 қараша күндері еліміздің тұңғыш президент күніне арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Университетіміздің  ғылыми кітапханасы мәдени-тәрбиелік орталық ретінде іс-шараның өткізілуіне белсенді үлес қосты. 27-28 қараша күндері еліміздің әр облысынан келген студенттердің қатысуымен университеттің акт залында «Елін-сүйген, елі сүйген Елбасы» атты ІІ республикалық дебат турнирі өткізілді. 27 қарашада ғылыми кітапхананың ғалымдар залында педагогикалық факультетпен бірлесіп ұйымдастырылған «Елбасым мақтанышым» тақырыбында дөңгелек үстел оздырылды, сонымен қатар «физика-математика» факультетінің студенттерімен «Стать лидером может каждый» атты білгірлер сайысы өткізілді. Кітапхана қызметкерлері бірнеше бөлімнен тұратын кітап көрмесін ұйымдастырды. 

1.«Ұлт Көшбасшысы»

2.«Әлем саясаткерлері Н.Ә. Назарбаев туралы»

3.«Тәуелсіздік нышандары»

4.«Елбасы жолдады-елі қолдады»

5.«Елбасы еңселеткен Елорда»

6.«Бір халық- бір ел- бір тағдыр»

7.«Тәуелсіздік-ел тұғыры» 

Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен еңбек жолынан мәлімет беретін әдебиеттер және әлем көшбасшыларының президент туралы, әлемдік саясатта алатын орны жайында айтқан ой-пікірлері қойылды.  Әрі қарай Қ.Р. мемлекеттік рәміздері (Қ.Р.Конституциясы,  мемлекеттік ту, елтаңба, әнұран), елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы оқырман назарына ұсынылды. Көрменің жалғасы ретінде еліміздің елордасы Астана, этномәдени бірлестік Қазақстан халықтарының ассамблеясы туралы әдебиеттер қойылып, бірлік пен толеранттылықтың Қазақстандық үлгісін қалыптастыруда Ассамблеяның алатын орны айқын көрсетілді. Көрменің қорытынды бөлімін  Қ.Р. тәуелсіздігіне арналған әдебиеттер құрады. 

2015 жылдың 30 қарашасында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасының ақпараттық технологиялар және библиография бөлімінде студенттер мен қызметкерлер елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайын жариялайтын, кезекті  Қазақстан халқына жолдауын тікелей эфирде онлайн түрде тыңдады. 

Өткізілген мерекелік іс-шараның мақсаты жас ұрпақтың бойына патриоттылықты дарыту, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Тұрақтылық пен бірлік, халықтар достығының беріктігінің кепілі -Қ.Р. Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қызмет жолын үлгі ету.

 

Ғылыми кітапхана

 

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua