100 жаңа оқулық – жаңғыру жетістігі

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мелекеттік университетінің ғылыми кітапханасы мен «Рухани жаңғыру» институтының ұйымдастыруымен оқытушылар құрамы, қызметкерлер және студенттермен бірге «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бағдарламасы аясында Стивен Р.Кови «Жасампаз жандардың 7 дағдысы», Ювал Ноах Харари «Sapiens» : «Адамзаттың қысқаша тарихы» атты кітаптың таныстырылымы өткізілді. Қазақстан Халық Ассамблеясының кафедра меңгерушісі Тұрар Төлегенұлы Шайхиев сөз кезегін бастады. Ғылыми кітапхананың директоры Тоты Еркінқызы кітап қорының саны 19 кітапқа артқанын мәлімдеді. Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Журасова Алтынай Шугаевна Ювал Ноах Харари «Sapiens»: «Адамзаттың қысқаша тарихы» атты кітабымен таныстырды. Презентациясы көрсетіліп, кітаптың 4 бөлімін әңгімеледі. Когнитивті, аграрлық, ғылыми революция мен адамзатты біріктіруге қатысты ой толғаныс жасады.

Тарих ғылымдарының магистрі, оқытушы Майманова Нұршат Нұрханқызы және экономика ғылымдарның магистрі, аға оқытушы Егізғалиева Асель Болатханқызы кітап туралы өз пікірін айтты.

«Жасампаз жандардың 7 дағдысы» (Тұлға дамытудың тегеурінді тетіктері) кітабы туралы педагогика және психология кафедрасының оқытушысы Арыстанғалиева Венера Талғатқызы толықтай мағлұмат берді. Шығарманың құндылығы сол, Әлемнің 40 тілінде 30 млн. данамен таралған. Студенттер арасынан суырылып шығып, кітаптар жөніндегі өз пікірін филология факультетінің 3-курс студенті Каленова Назерке Рахметқалиқызы өз пікірін айтты.

 

Ғылыми кітапхана директоры: Алимбекерова Т.Е.
 

Кітап – асыл да сарқылмас рухани қазына

Елімізде Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарды дамыту бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы іске асырылуда. «Гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында қазақ тіліне аударылған 17 кітаптың 1504 данасы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасына келіп түсті. Осы жоба негізінде ғылыми кітапхананың 4 оқу залында психология саласына арналған Эллиот Аронсонның «Көпке ұмтылған жалғыз: әлеуметтік психологияға кіріспе» 11-басылым, Дэвид Дж. Майерс «Әлеуметтік психология» 12-басылым, Дуэйн Щульц, Сидней Эллен Шульц «Қазіргі психология тарихы» 11-басылымдары бойынша кітапханашы Г. Шаденова библиографиялық шолуы өтті.

Педагогика-психология кафедрасының аға оқытушысы Н. Кулдашова кітапқа қатысты өз пікірінде:сыртқы ортаға бағынуды, өзін-өзі ақтап алуды, ең бастысы адам психологиясындағы ерекшеліктерге мұқият болуды баулитынын атап өтті. Және де осы кітап жөнінде ПИП-11,13, ПИП-31,33 студенттері өз пікірлерімен бөлісті.

Осы жоба аясында Д. Джонстонның «Философияның қысқаша тарихы: Сократтан Дерридаға дейін», Б. Дэвид «Әлеуметтану негіздері» 9-басылым кітаптарына кітапханашы Мақпал Ғалиқызы шолу жасады. Бұл шараға тарих, экономика және құқық факультетінің ИСТР-21, РЕГ-11, МО-21 топтарының студенттері қатысты.

Тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Гиззатов Саялбек кітап жөніндегі өзінің ойымен бөлісе отырып, студенттерге философиялық ойдың даму тарихына айрықша үлес қосу барысында танымал 15 ойшылдың шығармашылығымен еңбектерін оқуды ұсынды.

Бұл кітап бойынша 2-курс студенті Бекболат Ныгметжанов оқулық жөнінде өз пікірін білдірді. Реми Хесс «Философияның таңдаулы 25 кітабы», Алан Барнард «Антропология тарихы мен теориясы», Джорж Ритцер «Әлеуметтану теориясы» 10-басылым атты кітаптарына кітапханашы шолу жасау барысында студенттерге кітаптың шығу құрылымын таныстырды. Тарих ғылымдарының кандидаты Журасова Алтынай Шугаевна батыс философиясы дамуының елеулі кезендерін, батыстың аса көрнекті ойшылдарының 25 шығармасын атап өтті. Кітап көрмесі кемелденген кешке қаржы, аймақтану мамандықтарының УА-11,УА-21,Уа-31,Ф-11, Ф-21, Ф-31, РЕГ-11 топтары қатысып,студенттер өз пікірлерімен бөлісті. №1 оқу залында филология мамандықтарына арналған В. Фромкин «Тіл біліміне кіріспе», С. Тер-Минасова «Тіл және мәдениетаралық коммуникация» кітабына кітапханашы Садап Нұрғалиева шолу жасады. Шолу барысында кітаптың филология студенттеріне және осы салада ғылыми жұмыстармен айналысып жүрген жас мамандарға арналғандығын атап өтті. Филология ғылымдарының доценті Ақзия Ниязғалиева студенттер құрамына кітаптың мазмұны мен келешек ұрпаққа берер мол мұрасының ерекшеліктерін айтты.

Филология: қазақ тілі мамандығының 3-курс студенті Сарсенғалиева Гүлмира тіл білімінің жалпы әлемдік деңгейдегі пайда болу үрдісі мен қазіргі тіл білімі саласының қарқынды дамуы жөнінде негізгі дәйектемелермен өз ойын баяндады. Болашақта осы дүниелердің терең білімді ұрпақ қалыптастыруға септігінің зор болатынын айқын атап өтті. Кітапханашы С.Сакаева К.Шваб «Төртінші индустриялық революция», Н. Грегори «Экономикс», Рикки У. «Менеджмент» 12 басылым, Дональд Ф. Куратко «Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика, 10-басылым» келіп түскен кітаптарға библиографиялық шолу жасады. Шараға экономика және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы, магистр Егзалиева Асел Болатқалиқызы, аға оқытушы Янтурсина З. Ю. және экономика және туризм факультетінің студенттері қатысты. Асел Болатқалиқызы сөз алып, Гриффин «Менеджмент» оқулығының ең үлкен артық­шы­лығы – теориядан бөлек, шет мем­лекеттердегі орта, шағын, ірі кә­сіпорындардағы басқару тәсіл­дерінің нақты компанияларда қа­лай қолданылғаны, сол арқылы қан­дай жетістіктерге қол жет­кізіл­гендігі жөнінде нақты түрде деректемелер келтірілгенін баса айтты. Клаус Швабтыңда ең­бегі осал дүние емес.

Ол өзінің «Төртінші индустриялық ре­волю­ция» кітабында бірқатар эко­номикалық процестерге жан-жақ­ты баға беруге тырысады. Студенттер құрамы кітап жөнінде өз ойларымен бөлісті. Кітапханашы А. Габдуалиева Карен Армстронг «Идуаизм, хриастандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану Баяны», Энтон Джон Патрик Кеннидің «Батыс философиясының жаңа тарихы. 1 том Антика философиясы», Энтони Джон Патрик Кенни «Батыс философиясының жаңа тарихы 2 том. Орта ғасыр философиясы» атты кітаптар тізбегіне шолу жасалды. Биология және география факультетінің Б-11, Г-11 топ студенттері қатысты. Факультет деканы Тургумбаев А. А. және философия пәнінің оқытушысы Г. Молдашева әлемдік деңгейде үздік саналатын бұл оқулықтарды енді мемлекеттік тілде оқуға мүмкіндік бар екендігін атап өтті.

Жобаның екінші кезеңінің басты жаңалығы-педагогика, әдебиеттану, мәдениеттану, тарих, дипломатия, халықаралық заң және халықаралық бизнес құқығы бойынша оқу құралдарының қазақшаға аударылуы. Аудармашылар мен редакторлар әлем тілдеріндегі оқулық мазмұнын өзгертпей, сол қалпында жеткізу принципін ұсынды. Елбасының сарабдал саясаты мен ұлт жолындағы ұстанымдары болашаққа бағдар көрсетумен қатар алдағы рухани дамуымыздың өзегіне айналарына сеніміміз мол. Рухани даму жолындағы іргетастың «кітап» ұғымымен бірге қалануы - еліміздің қарқынды даму жолының асқарлы шыңына қарай қадамдататыны, рухани өмір сүру барысын ілгерілететіні сөзсіз белгілі.

 

til

 

Халқының дара туған перзенті

25102018

Ұлттық әдебиетіміздің жаңа кезеңі ХХ ғасыр басындағы дәуірдің шындығын, қоғамдық ой – пікірдің дамуын, әдебиетті жаңа сатыға көтерген ірі суреткер, реалист ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жыл толуына орай М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми кітапхананың ғалымдар залында «Мәңгі өшпес жарқын жұлдыз» атты әдеби кеш өткізілді. Аталмыш шараға оқытушылар құрамы мен филология, математика факультеттерінің студенттер құрамы қатысты. Әдеби кештің мақсаты Ұлы тұлғаның өлеңдері арқылы адамгершілікке, мейірімділікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Шара барысында филология кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Шаекенов Жангелді Жұмақайұлы ақынның өмірбаяны мен көп қырлы және түрлі жанрдағы бай мұрасы мен өлеңдерінің жастарға берер мол мұрасымен бөлісті.

Шара барысында филология факультетінің 1- курс студенті Сламғали Аманжол ақынның «Шәкірт ойы» өлеңін, Фил -11 тобының студенті Алдабергенова Асел, 2- курс студенті Кінәмә Ернұр «Мен қазақ» өлеңін нақышына келтіріп толғаныс пен оқыды. С. Торайғыровтың озық шығармалары әдебиет дамуының желісін, кезеңін көрсетіп қоймайды сонымен бірге қазақ халқының сол замандағы қоғамдық ой – пікірінің зор белесі болып табылады. С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» романынан үзінді қойылды.

Көрініске филология факультетінің 2- курс студенті Кінәмә Ернұр, 1- курс студенттері Серіков Бақытжан, Сламғали Аманжол, Умарова Камила, Алдабергенова Асел қатысып, өнерлерімен тәнтті етті. «Жырлайды жүрек» атты кітап көрмесінде ақынның өмірімен кітаптары тізбектелген. Кеш соңында ғылыми кітапхананың оқу залының меңгерушісі А.О.Габдуалиева студенттер құрамына өз ризашылығын білдірді.

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың елі үшін еткен еңбегі ел есінде мәңгі сақталары сөзсіз.

 

25102018-1

25102018-2

25102018-3
 

Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру талабы

27092018

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс- қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін атап өтті. Осыған орай М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Ғылыми кітапханасында оқытушылар құрамы мен педагогика және психология, филология факультетінің 1- курс студенттері арасында «Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Аталмыш шараға филология ғылымдарының докторы, Сабыр Мұрат Бөкенбайұлы, доцент, филология ғылымдарының докторы Хасанов Ғабит Қайыржанұлы, тіл маманы, филология ғылымдарының кандидаты Аронов Құспан Ғұмарұлы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Шайекенов Жангелді Жұмақайұлы және студенттер құрамы қатысты. Шара барысында, латын графикасын негізге ала отырып, студенттерге латын әрпінің таңбалануын түсіндіріп берді. Латын әліпбиіне көшудің ең басты қажеттілігі мен қазақ тіліндегі сөздердің айтылуындағы өзгерістер, ұтымды тұстары талқыланды. Одан әрі студенттер қазақ жазуын кириллицадан латын тіліне көшіру мәселесіне қатысты ой-пікірлерімен бөлісіп, өздерінің көкейтесті сұрақтарына жауап алды. Ғылыми кітапхана кітапханашысы Нұрғалиева Садап Сүйесінқызы «Латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы » атты әдебиеттер көрмесіне шолу жасады. Кітап көрмесі үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» жолдауына байланысты баспасөз бетіндегі жарияланымдар қойылған. Екінші бөлімінде қазіргі таңдағы өзекті мәселе болып отырған Латын тіліне көшу жөнінде жазылған сын-пікірлер топтастырылған. Қорытынды бөлімінде ғылыми кітапхана қорының сирек кітаптар мұражайындағы латын әрпімен жазылған құнды кітаптар көрмеленген.

270920181Қорыта келгенде, қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі тіліміздің әрі қарай жаңғыруына жақсы ықпал етері сөзсіз. Мемлекеттік тілдің латын әрпіне көшуі- заман талабы. Латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады ғой деген ойдамыз.

 

Кітапхана – қоғамның көпфункцияналды, көпдеңгейлі әлеуметтік институты

21092018

2018 жылғы 13-14 қыркүйек күндері Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында, Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу аясында «Кітапхана – қоғамның көпфункцияналды, көпдеңгейлі әлеуметтік институты» атты Бүкілқазақстандық кітапханашылар съезі өтті.

Съезге 182 қазақстандық делегаттар, 15 шетелдік қатысушылар, оның ішінде АҚШ, Түркия, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және т.б. мемлекеттер кітапханаларының жетекшілері мен мамандары, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, «Нұр Отан» партиясы, БҰҰ, ЮНЕСКО және басқа да үкіметтік, мемлекеттік және халықаралық ұйымдардың өкілдері, облыстық әмбебап ғылыми кітапханалардың, жоғары оқу орындары кітапханаларының мамандары қатысты.
Съезде республикадағы кітапхана саласының болашақтағы саясатын анықтайтын, жаңғыртатын және жаңаша серпін беретін маңызды мәселелер талқыланып, кітапхана саласын одан әрі дамыту стратегиясының негізгі басымдықтары айқындалды.
Бүкілқазақстандық кітапханашылар съезін ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ж.Сейдуманов ашып, ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Б.С.Әйтімова, белгілі ақын О.Сүлейменов, «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары, төраға кеңесшісі А.Шужеева, Алматы қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Д.Әлиев., Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры Ә.Д.Дербісәлі, Ресей мемлекеттік кітапханасының бас директоры В.В.Дуда, АҚШ Конгресінің кітапханасының түрік тілдерінің маманы М.И.Назарова барша қатысушыларды Кітапханашылар съезінің ашылуымен құттықтады.

210920181
Съезд шеңберінде: «Еліміздегі кітапхана желісінің сапалы адами капиталды қалыптастырудағы және қоғамдық сананы жаңғыртудағы рөлі мен орны» тақырыбындағы пленарлық отырыс, «Қазақстандағы кітапхана саласын жаңғырту және дамыту мәселелері» атты дөңгелек үстел, «Қазақстанның цифрландыру контекстіндегі кітапханалар», «Заманауи кітапханалар: дәстүр және жаңашылдық», «Тәрбие және білім беру»: кітапханалардың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлі, «Қалпына келтіру, консервация және түптеу қызметінің жұмыстарымен танысу», «Қазақстанның арнайы кітапханаларын сандық ортаға интеграциялау және заманауи форматта дамыту» тақырыптарындағы секциялық кездесулер ұйымдастырылды. Сондай-ақ кітапхана саласының жетекші шетелдік мамандарының қатысуымен «Кітапхана қорларын қалыптастыру, бірыңғай жіктеу, қазақстандық кітапханаларды каталогтау және авторитеттік файлдар» тақырыбында фокус-тренинг, шеберлік-сыныптары, тәжірибелік сабақтар, Астана және Ақмола облыстарының кітапхана қауымдастығымен мерекелік – онлайн-кездесуі өткізілді.
Съезд аясында үздік кітапханашы мамандар марапатталды, солардың ішінде М.Өтемісов атындағы БҚМУ ғылыми кітапхана директоры Тоты Еркінқызы Алимбекерова.

 

Конференция «Сценарии интеграционного развития евразийского пространства: перспектива-2025»

19 февраля 2018 года в городе Саратове прошла международная научно-практическая конференция «СЦЕНАРИИ ИНТЕГРАЦИОННОГО РАЗВИТИЯ ЕВРАЗИЙСКОГО ПРОСТРАНСТВА: ПЕРСПЕКТИВА-2025»,  в которой приняли активное участие преподаватели нашего университета. С докладами выступили  П.А. Добряев (тема выступления «Политическая ментальность современных казахстанских студентов как фактор развития евразийской интеграции»),  А.С. Байбулсинова (тема выступления «Особенности интеграционных процессов на постсоветском пространстве»), Т.Т. Шайхиев (тема выступления «Казахстан и Россия: перспективы интеграционных процессов»), А.Б. Тлесова (тема выступления «Тенденции экономического сотрудничества Казахстана и России в контексте развития евразийской интеграции»).

«Ар-намысым, қасіретім, қуанышым-Желтоқсан»

Тәуелсіздік қасиеті мол ұғым. Тәуелсіздік – кез келген адамның, ұлттың, халықтың, елдің еркіндігі. Өзінің алдында дербестігі. Сол баға жетпес Тәуелсіздік күніне орай М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен студенттер жатақханасының қабырғасында «Ар-намысым, қасіретім, қуанышым-Желтоқсан» атты тақырыбында кеш өткізілді.Бұл шараны өткізудегі мақсатымыз студент жастарымызды отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баулап отырып туған жеріне деген сүйінішпеншілігін ояту, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру.

Елбасы тарих толқыны

 

«Ойы озақтың –пікірі терең, сезімі сергектің –көзі қырағы», деген аталы сөз бар.Осы сөзге лайық Елбасы алысты болжай отырып, адамзат ұмтылысының ең ізгілікті құндылықтары - адам құқы, теңдігі, еңбекке, өсуге мүмкіндігі, өркенді тұрмысы, денсаулығы мен білім алуы жолында аянбай еңбек етуде.

Тағы мақалалар...

  1. Кітап сыйға
  2. ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУЫ
  3. «Кітап-тарих, шежіре!»
  4. ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІКТІ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
  5. ГРАНТТЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ЖИНАЛЫС
  6. Армысыз әз, Наурыз!
  7. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылдың 31 қаңтарындағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауына арналған университет магистранттарымен өткізілген дөңгелек үстел
  8. Ұстаз – ұлы тұлға!
  9. Дарынды суретші Сәкен Ғұмаров
  10. «Ол әскери химик еді» атты іс-шара
  11. Профессор Hans-Dieter Barke посетил институт ЕНИ «Алгоритм»
  12. Кітапхана - білім ордасы
  13. Елбасы жолдауы- мәңгілік ел
  14. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Билік тармақтары арасындағы өкілеттіліктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуі мен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауын талдауға арналған ғылыми кеңес
  15. ПРОФЕССОР Е.С. АЙТАЛИЕВТІҢ ҰҚҮ магистранттарымен кездесуі
  16. «Ұстаз – ұлы есім» атты әдеби-мәдени шара
  17. Сақталар мәңгі мұрасы
  18. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, п.ғ.д., профессор Иманғалиев Асхат Сәлімұлы 1,2 курс магистранттарымен кездесті.
  19. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған бүгінгі «Тәуелсіздік – тәу етер жалғыз кие» атты мерекелік атты әдеби-мәдени шара
  20. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Имашев Ғизатулла Имашұлының ғылыми жетістіктері
  21. «Жемқорлық індет» тақырыбында көшпелі көрме
  22. «Синтаксистің кейбір мәселелері» атты ғылыми-әдістемелік семинар
  23. Текті сөздің зергері
  24. Қабілетті мұғалім – қарымды ұрпақ кепілі
  25. Ұстаз - ұлағатты есім
  26. Ел ағасы 60 жаста! Рахымжан Отарбаевпен кездесу кеші
  27. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Жаңа Қазақстанды қалыптастырудағы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тағдыркешті шешімдері» IV Республикалық ғылыми-практикалық онлайн конференция
  28. 2016 ж. 23 қараша айында М. Өтемісов атындағы БҚМУ-да «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл және Еуразиялық интеграция келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді
  29. Қазақстан егемен елдігім менің
  30. Назарбаев Университетінің өкілдерімен кездесу
  31. Жаратылыстану-география факультетінде «Көптілділік – қазіргі заманғы білім берудегі басым бағыттардың бірі» тақырыбында көптілділік апталығы ұйымдастырылды
  32. «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Дулат Бабатайұлының «Өсиетнама» өлеңдер мен дастандар жинағын оқуға арналған әдеби кеш
  33. Батыс Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс: тарихы мен тағылымы
  34. Сырым Жалел Сырымұлының 70 жас мерейтойына арналған «Ардагер-ұстаз ортамызда» атты кеш
  35. Педагог. Тәлімгер. Ғалым.
  36. ҚР-ның Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Инклюзивті білім берудің теориялық және тәжірибелік өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
  37. «Ұмытылмас ұлы тұлға» атты әдеби-мәдени шара
  38. Қалмақ елі жақын бола түсті
  39. «Ұстаз болу – жүректің батырлығы» атты кездесу
  40. Круглый стол на тему: «Педагогические условия формирования профессиональной компетентности будущих специалистов в вузе»
  41. М. Өтемісов атындағы БҚМУ ғалымдары әлемдегі нөлдік емес импакт-факторлы көшбасшы ғылыми журналдарда
  42. М.Өтемісов атындағы БҚМУ III халықаралық инвестициялық «WESTKAZINVEST 2016» атты бизнес-форумға қатысуы туралы
  43. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Жастар және ғылым» атты магистранттар мен студенттердің ғылыми апталығы өткізілді
  44. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Жастар және ғылым» атты студенттер мен магистранттардың ғылыми апталығының ашылу салтанаты өтті
  45. «Мен және кітап» фотожобасы
  46. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәдениет қайраткері, ҚР Білім беру министрлігінің құрметті қызметкері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Махамбет Ержанұлы Ержановтың «Домбыра үйрену әдістемесі» атты ғылыми еңбегінің тұсаукесер рәсімі өтті
  47. Ғылым қызметкері күніне арналған «Ғылым, білім және инновация-болашаққа нық қадам» атты дөнгелек үстел
  48. Поэзияның асқар шыңы- Мұқағали Мақатаев
  49. Доцент, тарих ғылымдарының докторы Нургалиева Агила Мустахимовнамен кездесу кеші ұйымдастырылды
  50. Ғалымның айқын ізі
  51. Мендалиева Дина Кенжебековнаның 70 жылдық мерейтойына байланысты кездесу өткізілді
  52. 07201 оқу тобының ұйымдастыруымен Рысбеков Тұяқбай Зейітұлымен кездесу өтті
  53. «Елбасы жолдауы-жарқын болашақтың бастауы» атты дөңгелек үстел
  54. Қазақстан халқы Ассаблеясының 20 - жылдығына орай «Достығымыз мәнгілік!» атты мәдени шара
  55. 2015 жылдың 30 қарашасындағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау аясында өткізілген ғылыми-тәжірибелік конференциясы
  56. Radio Frequency Identification (RFID) құрылғысы іске қосылды!
  57. 1 желтоқсан-ҚР тұңғыш президент күні!
  58. М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры, п.ғ.д., академик Имангалиев Асхат Салимовичпен 1, 2 курс магистранттарымен кездесу өткізілді
  59. Құрметті ғалымдар, оқытушылар, студенттер және магистранттар!
  60. Кәсіби мерекеңізбен!
  61. Тарихи роман жазудың хас шебері...
  62. «Ұстаз – ұлы тұлға» атты кездесу
  63. «Ақжайық» атты университетіміздің командасы, командылық есепте III орын алды
  64. «БҚМУ КӨШБАСШЫСЫ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
  65. ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ атты студенттер мен магистранттардың ғылыми апталығы
  66. Т.З.Рысбеков
  67. Кітапхана
  68. Букаткин Р.П.
  69. 2015.03.27.
  70. 2015.03.13.
  71. 2015.03.12.
  72. 2015.03.04.
  73. 2015.03.03.
  74. 2015.02.19.
  75. Первый всемирный конкурс «Меридианы русской речи»
  76. Құттықтаймыз!!!!!
  77. Олимпиада үздіктері анықталды
  78. БҚМУ «Әлеуметтану» мамандығының студенттерін Республикалық пәндік олимпиададан 2 орын алуларымен құттықтаймыз.
  79. «Кітапхана ісі» мамандығы студенттерінің VII Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасындағы жетістіктері
  80. «Мәдениетаралық ықпалдастық және қазіргі қоғамдағы толеранттылық: қауіптер, ізденістер, шешімдер» атты І Халықаралық ТМД студенттері арасындағы олимпиада
  81. Университет кітапханасының мақсаты ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу
  82. Қазақты танытқан тұлғалар
  83. Ғылыми кітахананы жаңа технологиямен жабдықтауда, басшылық қолдау көрсетті
  84. Темірғали Қайырғалиұлы Қайырғалиевтың 70 жыл мерейтойы
  85. «Оқытудағы құзіреттілік бағыт» апталығы аясында студенттік ғылыми жобалар
  86. «Қазақты танытқан тұлғалар» атты тарихи-танымдық шара
  87. ХVII Международная научная конференция «Новые парадигмы и новые решения в когнитивной лингвистике»
  88. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» республикалық байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!
  89. «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция
  90. «Тәуелсіздіктің ақ таңы»
  91. «Тайманов оқулары – 2014» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы туралы ақпарат
  92. Республикалық студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары байқауының қорытындысы жеңімпаздарды құттықтаймыз!
  93. Народы сопредельных государств Казахстана и России на Евразийском пространстве: диалог и сотрудничество
  94. «Аймақ - 2050» Жалпыұлттық байқауының Батыс Қазақстан облысы бойынша жеңімпаздарды марапаттау туралы
  95. «Отарәлі Бүркіт және тіл білімі мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы туралы
  96. 2014 жылдың 27-31 қазан аралығында «Биотехнология және қорды сақтау» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру курсы өтті
  97. «Дінтану – уақыт талабы» атты республикалық ғылыми – тәжірибелік конференциясы (2014 жылдың 29 қазан)
  98. «Біз – болашақтың қуатымыз» атты жастар арасындағы инновациялық және серпінді жобалардың республикалық байқауының жеңімпазы
  99. М.Өтемісов атындағы БҚМУ «WESTKAZINVEST 2014» атты халықаралық бизнес-форумға қатысуы туралы
  100. 2014 жылдың бірінші жартыжылдығының М.Өтемісов атындағы БҚМУ ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі көрсеткіші

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua