Республикалық ғылыми-практикалық конференция: «Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми және рухани мұрасы: тарих және заманауи зерделеу», 2020 жыл 27 наурыз

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Сізді 2020 жылдың 27 наурызында өтетін Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150-жылдық мерейтойына арналған «Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми және рухани мұрасы: тарих және заманауи зерделеу» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

1. Қазақстандық қоғамның жетілдіру аясындағы әл-Фарабидің философиялық және қоғамдық-саяси көзқарастары;

2. Педагогикалық ғылым: әл-Фараби мұрасы және қазіргі жағдайы;

3. Әл-Фараби мұрасындағы түркі әлемінің музыкатану ілімінің аспектілері;

4. Жаратылыстану ғылымдарының қалыптасуы мен дамуындағы әл-Фараби еңбектерінің маңызы;

5. Әл-Фараби еңбектеріндегі адамның танымдық іс-әрекетінің психологиялық және педагогикалық аспектілері;

6. Әл-Фарабидің гуманистік идеялары және жастардың қазіргі дене тәрбиесі;

7. Әл-Фараби мұрасы және қазіргі филология ғылымының өзекті мәселелері.

Конференция мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде өткізіледі. Конференция материалдары тікелей көшіру әдісімен ғылыми жинақ түрінде жарияланады.

Конференцияға қатысу үшін 2020 жылдың 20 наурызына дейін ұйымдастыру комитетіне This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық мекенжайына төменде келтірілген құжаттарды жіберу қажет:

- конференцияға қатысуға өтінім (өтінім үлгісі қоса беріледі);

- жинақтың баспа нұсқасы үшін ақы төленгені туралы түбіртектің сканерленген көшірмесі (бар болған жағдайда);

- талаптарға сай ресімделген мақала.

Мақаланы жариялау және конференция жинағының электрондық нұсқасын тарату ТЕГІН негізде жүзеге асырылады. Қажет болған жағдайда, авторлар келесі банктік реквизиттерге 4000 теңге төлеп, жинақтың қағаз нұсқасын сатып ала алады: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ БҚФ, ЖСК KZ176010181000011617, БСК HSBKKZKX, БСН 000340002393, Кбе 16, ТМК 861.

Төлем мақсаты: «Әл-Фараби» конференциясына қатысу, бірінші автордың тегі».

Конференция жұмысына қатысу шығындары қатысушылардың немесе жіберуші ұйымның есебінен жүзеге асырылады.

Конференцияның ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 090000, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 162, М.Өтемісов атындағы БҚМУ, №1 оқу ғимараты, 101 кабинет, ғылым бөлімі, тел.: 8 (7112)26-06-25.

 

Конференция материалдарын рәсімдеуге қойылатын талаптар

 

Мақала мәтіні Word 2003-2010 мәтіндік редакторында терілуі тиіс, А4 форматы, Times New Roman шрифтімен, жоларалық интервал 1, таңба өлшемі 14, жиектері: төменгі, жоғарғы – 20 мм, сол, оң – 30 мм..

Жоғарғы сол жақ бұрышына ӘОЖ қойылады. Төменде бір бос жолға шегініп, мақала атауы бас әріптермен, майлы сызумен теріледі, материал бет ортасына орналастырылады.

Төменде-электрондық мекен-жайы, ғылыми дәрежесі, атағы, лауазымы, ұйымның және қаланың толық атауы көрсетілген автордың аты-жөні мен тегі қарапайым сызумен келтіріледі. Егер авторлар әртүрлі мекемелерде жұмыс істеген жағдайда, автордың тегі мен аты-жөнінен кейін жақшада тізімдегі мекеменің нөміріне сәйкес келетін сан қойылады.

Төменде 3 интервал арқылы-мақаланың негізгі мәтіні (қызыл жолдың шегінісі-1 см, жоларалық интервал-дара, абзац бет еніне бойынша тегістеледі.

Мәтіннен кейін бір бос жолға шегініп, Әдебиет сөзі теріледі (қарпі-қою, ортаға тураланады). Әдебиеттер тізімі МЕМСТ 7.1–2003, кегль 12 пт сәйкес алфавиттік тәртіппен ресімделеді.

Графикалық материалдарды қара-ақ гаммада JPEG форматында ұстап тұру керек. Суреттер анық және бұрмалаусыз болуы тиіс. Суреттердің атаулары мен нөмірлері суреттердің астында, кестелердің үстінде, формулалардың нөмірлері – формулалардың оң жағында көрсетіледі. Мақалада барлық сандар мен маркерлер қолмен қойылады; оларды автоматты түрде қоюға тыйым салынады. Әдебиеттерге тік жақшадағы сілтемелер, сондай-ақ дөңгелек жақшадағы суреттер мен кестелерге сілтеме жасау міндетті.

Мақала көлемі 3 беттен кем болмауы және компьютерде терілген мәтін 5 беттен артық болмауы тиіс.

Материалдарды алған кезде ұйымдастыру комитеті 5 күн ішінде автордың мекен-жайына материалдарды жариялауға қабылданғандығы туралы хат жолдайды. Көрсетілген мерзімнен кеш ұсынылған немесе талаптарға сәйкес келмейтін материалдар қаралмайды.

Электрондық нұсқада файл атауында бірінші автордың тегін және баяндама атауының алғашқы үш сөзін көрсетіңіз.

 

 

Конференцияға қатысуға өтінім:

 

Аты-жөні (толық)

 

Ұйым атауы (толық)

 

Лауазымы, ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі

 

Баяндама атауы

 

Конференция жұмысының бағыты

 

Мекен-жайы, телефон, е-mail

 

Ұйымдастыру жарнасын төлеу туралы түбіртек

 

Қатысу түрі (тікелей/сырттай)

 

 

 

Барлық туындаған сұрақтар бойынша ұйымдастыру комитетіне хабарласуға болады:

1. Имашев Эдуард Жүсіпұлы, тел.: 8(7112)26-06-25, е-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

 

Ұйымдастыру комитеті

Сауалнама - Анкета

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua