Г.А. Кушаев оқулары

2019 жылдың 30 қазанында М.Өтемісов атындағы БҚМУ тарих, экономика және құқық факультетінде тарих мамандығы студенттерінің жазғы археологиялық сараманының қорытындысы бойынша дәстүрлі «Г.А.Кушаев оқулары» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.

bkmu5

bkmu

bkmu1

bkmu2

bkmu3

bkmu4

 

Дөңгелек үстел барысында тарих ғылымдарының докторы, профессор М.Н.Сдыков Батыс Қазақстан тарихының және археологиясының зерттелуі мәселелеріне тоқталса, Италияның Неаполь университетінің Phd докторы Аннамария Феделе археологияның өзекті мәселелері, Италияның археологиялық тарихи ескерткіштері туралы таныстырды. Европадағы археология ғылымның дамуы, қазіргі перспективалары сөз болды. Өңірлік археолог, жас ғалым Я.А.Лукпанова Батыс өңірдегі сармат мәдениетінің археологиялық қорымдары, зерттелмеген обалар, соңғы табылған жәдігерлер, Тақсай-2 қорымының зерттеулері туралы мәселелерді көтерді. Әсіресе, М.Өтемісов атындағы БҚМУ тарих мамандығының 1 курс студенттерінің жазғы археологиялық сараман барысында бірлескен жұмыстары, оның нәтижелері туралы өте қызықты болды. Университеттің ғылыми орталығының қызметкері, археолог Е.Е.Клышев 03.06.-14.06.2019 ж. уақыт аралығында Тасқала ауданы Ешкітау, Деркул-1, Вавилино-1 аумағында РМҚК Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының ғылыми-зерттеу экспедициясына қатысып сараманнан өткен ғылыми тарих мамандығының студенттерінің жұмыстары туралы есеп берді. Аталған экспедиция құрамында болған студенттер пікір алмасып, алған теориялық білімдерін тәжірибеде көрсетіп, мол тағылым алғандығын айтып, университет әкімшілігіне зор ризашылықтарын білдірді. Жазғы қазба зерттеу жұмыстары барысында табылған жәдігерлер зерттеу лобораториясына жіберілді. Дөңгелек үстел барысында университеттің «Г.Кушаев» атындағы степендиаты Б.Нығметжанов, А.Сағынова, А.Усмановалар баяндамалар жасап, өздерінің жазғы археологиялық экспедиция барысында алған әсерлерімен, тарихи жәдігерлерді табу, оны зерттеудегі маңызды мәселелерін қызғылықты баяндап берді.

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua