Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толуына орай көркемсөз оқу шеберлерінің университетішілік оқырмандар байқауын өткізеді

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

2019 жылы 30 – қазанда  «Сәкен  –  жырдың сарқылмас дариясы»  аттықазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толуына орай көркемсөз оқу шеберлерінің университетішілік оқырмандар байқауын өткізеді

1.Жалпы ережелері

1.Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толуына орай «Сәкен  –     жырдың сарқылмас дариясы» атты көркемсөз оқу шеберлерінің университетшілік байқаудың қағидалары қазақ әдебиетінде қайталанбас қайраткер, қазақтың атақты  ақыны, жалынды жазушысы, дарынды драматург, білікті ұстаз Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығына бағытталған  іс – шараларды өткізу мақсатында әзірленді.      

2.Байқаудың өткізудің мақсаттары:

        1) С.Сейфуллиннің шығармашылығын насихаттау;

        2) көркем әдебиетті жаңғыртуды насихаттау;

        3) талантты жастарды табу;

        4) байқау мемлекеттік тілде өткізіледі.

        5)байқауға М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік   университетінің студенттері қатыса алады.

2. Байқаудың  өткізудің тәртібі

5. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми кітапхана және «Рухани жаңғыру» институты байқаудың ұйымдастырушысы болып табылады. Байқау қазан айының 30 – жұлдызында М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемемлекеттік университетінің бас ғимаратында 209 – аудиторияда өтеді. Ұсыным хат 29 – қазанға дейін қабылданады.

6. Байқау мынадай тапсырмалардан тұрады:

       1. С.Сейфуллин шығармалары, өлеңдері, поэмаларынан үзіндіні  жатқа     

       мәнерлеп оқу;    

       2. Ақын туралы жазылған белгілі қайраткерлердің арнау;

       шығармаларынан үзіндіні мәнерлеп жатқа оқу (ақынға арнау);

       3. Мәтінді оқу уақыты бес минуттан аспауы керек;

    

7. Конкурс шарттары:

       Қатысушы жатқа оқитын шығарма тізімін алдын – ала қазылар алқасына берілуі тиіс;

      1. Мәтіндерді жатқа оқу;

      2. фонограммаларды пайдаланауға тыйым салынады.

3. Қорытынды ережелер

8. Байқауға қатысушыларының жұмыстарын бағалау және жеңімпаздарды  анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамы ғалымдар , тіл мен әдебиет салаларының зиялы қауым өкілдерінен кемінде бес адамнан тұрады. Қазылар алқасының құрамы төраға мен оның мүшелерінен тұрады.  Байқаудың женімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады. Қазылар алқасының дауыстары тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.     

9. Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалау кезінде төмендегі талаптарды ескереді:

      1.Көркем мәтінді оқу шеберлігі;

      2.дұрыс дыбысталуы;

      3.білім деңгейі;

      4.сахналық образ және оқу шеберлігі.

10. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен марпатталады.

11. Байқаудың жеңімпаздары туралы ақпарат байқау біткеннен кейін  университеттің ресми сайтында орналастырылады.

Байланыс телефоны: +8 707 280 23 27

Эл.почта:gul_76.23@mail.ru

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua