12.09.2019ж «М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті» РМК ШЖҚ бос лауазымдық орынға орналастыру конкурсын жариялайды

1. Білім беру бағдарламалары жобалық кеңсесінің жетекшісі - 1 бірлік.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары оқу орнынан кейінгі білім, оқу-әдістемелік жұмыс саласындағы  10 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі, білім беру бағдарламаларын құру тәжірибесі.


2. Мемлекеттік сатып алу және материалдық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы - 1 бірлік.

 

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары техникалық немесе жоғары экономикалық / заң білімі, мемлекеттік сатып алу және материалдық қамтамасыз ету саласында  3 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі.

 

3. Мансап орталығының жетекшісі - 1 бірлік.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары оқу орнынан кейінгі жоғары  білім, жоғары оқу орындарындағы 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі.


4. Сапа және аккредиттеу бөлімінің бастығы - 1 бірлік.

 

 Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары оқу орнынан кейінгі жоғары білім, сапа менеджменті жүйесі және аккредиттеу саласындағы 5 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі.

 

 5. Жастар ісі жөніндегі комитеттің басшысы - 1 бірлік.

      

 Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім.

 

         Конкурсқа қатысуға үміткерлер конкурстың жарияланғандығы туралы хабарландыруда көрсетілген мерзім ішінде келесі құжаттарды тапсырады:

         1) өтініш;

         2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

         3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

         4) еңбек кітапшасының (егер бар болса) немесе еңбек шартының көшірмесі немесе соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының  тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

         5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы «Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

         6) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

         7) соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;

         8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың болуы немесе болмауы туралы анықтама.

         Конкурсқа қатысушы білімі, еңбек өтілі, кәсіби дайындығы  (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтары туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсынысхаты және т.б.) туралы қосымша ақпаратты ұсына алады.

            Конкурсқа қатысу құжаттары хабарландыру жарияланған күннен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде қабылданады.

           Жоғарыда көрсетілген құжаттар белгіленген мерзімде мына мекен-жай бойынша тапсырылуы қажет: БҚО, Орал, Н. Назарбаев даңғылы, 162, Әкімшілік бөлімі, (107-бөлме), телефон: 8 (7112) 50-86-11.

 

 

 

 

 

 

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua