Ең алдымен сіздерді оқу жылының алғашқы күні – Білім күні мерекесімен құттықтаймын

IMG 1111 mini

Құрметті студенттер, қадірлі әріптестер, ардагер ұстаздар, ата-аналар!

 

Ең алдымен сіздерді оқу жылының алғашқы күні – Білім күні мерекесімен құттықтаймын. Өткен оқу жылын табысты аяқтап, келер жылға үлкен мақсатпен қадам басып отырмыз. 

Биылғы педагогтардың тамыз кеңесінің «Білім және ғылым» аталуы ел жаңғыруында білім мен ғылым мәртебесінің биік екендігін айқындады.

Мемлекетіміз қоғамның әр саласында үлкен табыстарға қол жеткізді. Білім беру мен ғылым саласында бірқатар реформалар жасалуда. Біздің университетіміз де жаңа бастамаларды жүзеге асыруда бар күш-жігерін жұмсауда. 

Оқу орнымыз сан мыңдаған түлектерімен мақтанады. Олар кәсіби маман ретінде қоғамның әр саласында табысты еңбек етуде. Біз университеттің тарихымен, түлектерімен және оқу орнының дамуына зор еңбек сіңірген ұстаздармен, ғалымдармен әркез мақтанамыз. 

Құрметті бірінші курс студенттері!

Бүгін сіздер үшін ерекше күн. Бұл күні сіздер Махамбет университетінің қабырғасында студент атанып отырсыздар. Алда әлі сіздерді білім мен ғылымға арнайтын, еңбекке жол сілтейтін жылдарыңыз күтіп тұр. Мен сіздерге өз салаңыздың кәсіби маманы болады деп сенім артамын.

Құрметті әріптестер!

Биылғы оқу жылында біздің университетімізді мың жеті жүзден астам студент таңдап отыр. Бұл ғасырға жуық тарихы бар университетіміздің абырой-атағының, биік мәртебесінің, университет ұстаздарының өлшеусіз еңбегінің жемісі. Қадірлі әріптестер, білікті маман дайындаудағы үлкен еңбектеріңіз үшін Сіздерге мың да бір алғыс айтам.

Енді алдымызда студент атанған жасты ойы озық, білімді де талантты, «Жеті түрлі ілім білетін» тұлға ғып тәрбиелеу мақсаты тұр. Қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың «Алты алаштың басы қосылса, төрдегі орын – мұғалімдікі» деуі ұстаздар қауымына берілген зор баға деп ойлаймын. Ортақ мақсат тоғыстырған «Ұстаздар ұстаханасының» мерейі әркез асқақ болсын. 

Осы жолдағы еңбектеріміз елеулі, жетістіктеріміз мол болсын. 

Білім күні құтты болсын!!! Фото Рафхат Халелов

 

Құрметпен,

М. Өтемісов атындағы БҚМУ

ректоры Нұрлан Серғалиев

69526870 514806989267909 9148246440303132672 n69183951 514806739267934 700358343906033664 n69235737 514807649267843 2131161711418277888 n69276036 514807589267849 7642660356363386880 n69330113 514807292601212 5573695024136192 n69347379 514807172601224 2388661695351357440 n69365395 514806835934591 193570387869564928 n69468385 514807075934567 8542320932448894976 n69518554 514807479267860 43768856367333376 n69519727 514807375934537 6833940730608615424 n

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua