«Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК бос лауазым орындарына конкурс жариялайды

1.        Факультет декандарына: тарих, экономика және құқық факультеті.

Біліктілік талаптары:  жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, академиялық немесе ғылыми дәрежесінің болуы (жақсырақ), білім беру орындарындағы басшылық қызметтегі немесе мамандық бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы,  білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курсынан өткені жөніндегі сертификаты (куәлік).

2. Кафедра меңгерушісіне:шетел тілдері (1);орыс филологиясы (1); биология және экология (1); география (1); химия (1); физика (1); дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер (1); құқықтық пәндер (1); есеп және қаржы (1); музыкалық білім және вокал (1); хореография және мәдени-тынығу жұмысы (1).

     Біліктілік талаптары: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі, педагогикалық лауазымындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы.

жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, академиялық немесе ғылыми дәрежесінің болуы (жақсырақ), педагогикалық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы. Шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі үшін IELTS сертификатының болуы (жақсырақ).

     3. Кафедра қауымдастырылған профессорына (доцент):биология және экология (4); география (1); Қазақстан Республикасының тарихы (1); дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер (2); құқықтық пәндер (1); экономика және менеджмент (1); есеп және қаржы (1); мектепке дейінгі және бастауыш білім беру (2); информатика (2); қазақ филологиясы (5); орыс филологиясы (2); шетел тілдері (1); музыкалық білім және вокал (2);  дәстүрлі музыкалық және орындаушылық өнер (1).

     Біліктілік талаптары:  жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі, ғылыми педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы.

–соңғы 3 жылда кемінде 3 ғылыми еңбек жариялаған: ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда мақалалар; шетелдік ғылыми басылымдарда, ғылыми-практикалық конференцияларда (халықаралық, республикалық, аймақтық); оқу-әдістемелік құралдар. - Өнер мамандықтарының қауымдастырылған профессоры (доценті) үшін келесі шығармашылық жетістіктері ескеріледі: халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары немесе студенттер арасында лауреаттарды дайындаған; - ПОҚ біліктілігін арттыру сертификатының болуы; - шет тілдер кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доценті) үшін IELTS сертификатының болуы (жақсырақ).

     4. Кафедра аға оқытушысына:педагогика және психология (2); мектепке дейінгі және бастауыш білім беру (1); дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі (4); дене тәрбиесі (4);  шетел тілдері (5); қазақ филологиясы (1); биология және экология (3); география (1); химия (1); математика (1); физика (2); информатика (2); Қазақстан Республикасының тарихы (1); дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер (3); құқықтық пәндер (1);  экономика және менеджмент (3); бейнелеу өнері және дизайн (6); музыкалық білім және вокал (4); хореография және мәдени-тынығу жұмысы (2).

     Біліктілік талаптары:  жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі 3 жылдан кем емес, оның ішінде оқытушы лауазымында кемінде бір жыл немесе мамандығы (қызмет бейіні) бойынша практикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе академиялық дәрежесінің болуы. –соңғы 3 жылда кемінде 2 ғылыми еңбек жариялаған: ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда мақалалар; шетелдік ғылыми басылымдарда, ғылыми-практикалық конференцияларда (халықаралық, республикалық, аймақтық); оқу-әдістемелік құралдар. - Өнер мамандығының аға оқытушылары үшін келесі шығармашылық жетістіктер ескеріледі: халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары немесе студенттер арасында лауреаттар дайындаған; - ПОҚ біліктілігін арттыру сертификатының болуы; - шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы үшін IELTS сертификатының болуы (жақсырақ).

     5. Кафедра оқытушысы: мектепке дейінгі және бастауыш білім беру (3); дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі (3);  дене тәрбиесі (4);  шетел тілдері (10); информатика (5); биология және экология (5); география (1); химия (1); Қазақстан Республикасының тарихы(1); дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер(2); құқықтық пәндер (2);экономика және менеджмент (2); музыкалық білім және вокал (5); дәстүрлі музыкалық және орындаушылық өнер (1); хореография және мәдени-тынығу жұмысы (4); бейнелеу өнері және дизайн (1).

     Біліктілік талаптары:  жоғары білімі, мамандығы бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы және / немесе магистр академиялық дәрежесінің болуы.-соңғы 3 жылда жарияланған ғылыми еңбектері: ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған ғылыми басылымдардағы мақалалар; шетелдік ғылыми басылымдарда, ғылыми-практикалық конференцияларда (халықаралық, республикалық, аймақтық); оқу-әдістемелік құралдар. (болған кезде); - ПОҚ біліктілігін арттыру сертификатының болуы (Бар болса); - шет тілдер кафедрасының оқытушысы үшін IELTS сертификатының болуы (жақсырақ).

 

Қажетті құжаттар тізімі:

-          университет ректорының атына жазылған өтініш;

           -           кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы;

           -           өмірбаян;

           -           жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері                        және салыстыру үшін түпнұсқалары;

      -          қайта даярлау және біліктілік арттыруы туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;

           -          ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);

        -     № 086 нысандағы медициналық анықтама, 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6697 тіркелген);

         -     Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

        -     Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11304 тіркелген) (бұдан әрі - №272 бұйрық) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;

            -    №272 бұйрықпен бекітілген «Психоневорологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы психоневорологиялық ұйымның анықтамасы.

      Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

    Бослауазымдарғаарналғанконкурсқаөтініштерхабарландыружарияланғанкүніненбастапкүнтізбеліконбескүнненкешіктірмейберіледі

 

Құжаттарды мына мекен-жайда қабылданады:

Батыс Қазақстан облысы, Орал қ.,  Достық даңғылы, 162, 106-бөлме, 15 тамыз 2019 ж. сағат 18.00-ге  дейін.       

 

     Байланыс телефоны: 8 (7112) 50-86-11.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua