Құрметті әріптестер, ардагер ұстаздар, студенттер! Қазақ елінің алтын діңгегіне айналған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен сіздерді шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті әріптестер, ардагер ұстаздар, студенттер!

 

IMG 1111 miniЕл тәуелсіздігінің 27 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиынға қош келдіңіздер! Қазақ елінің алтын діңгегіне айналған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен сіздерді шын жүректен құттықтаймын. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсiздiктiң негiзгi мәнi – тарихтың жаңа бетiн өз еркiңмен, өз шешiмiңмен бастауда болса керек. Тәуелсiздiк бiзге жаңа жолымызды, өзiмiздiң соны соқпағымызды табуға зор мүмкiндiк ұсынды» деген болатын. Ширек ғасырлық уақытта еліміз үлкен жетістіктерге қол жеткізсе, біздің Махамбет университеті де биік  белестерді бағындырды. Университетімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды жобалар мен қол жеткізген табыстарымыз да  – Ел Тәуелсіздігінің жемісі. 

Тәуелсіздік күнімен баршаңызды құттықтай отырып, отбасыларыңызға  бақ пен береке, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз еңселі, бейбітшілігіміз баянды болсын! Мереке құтты болсын!!! 

 

 

М. Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры, биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Серғалиев Нұрлан Хабибуллаұлы 

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua