«Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК бос лауазым орындарына конкурс жариялайды 1.11.2018

«Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК бос лауазым орындарына конкурс жариялайды.

1. Кафедра қауымдастырылған профессорына (доцент):география (1);информатика (1); дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер (1).

Біліктілік талаптары: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі, ғылыми педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы.

2. Кафедра аға оқытушысына:биология және экология (1); информатика (1); педагогика және психология (1); мектепке дейінгі және бастауыш білім беру (1); дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер (2); шетел тілдері(1).

Біліктілік талаптары: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі 3 жылдан кем емес, сонымен қатар оқытушылық қызметте 1 жылдан кем емес немесе мамандығы бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы және/ немесе ғылыми дәрежесінің болуы.

3. Кафедра оқытушысы: география (1) (декреттік демалыс кезіне);биология және экология (2) және (декреттік демалыс кезіне) (2); химия (2); математика (1); физика (1); информатика (2) және (декреттік демалыс кезіне) (1); қазақ филологиясы (1) және (декреттік демалыс кезіне) (1); орыс филологиясы (1) және (декреттік демалыс кезіне)(1); шетел тілдері (2); мектепке дейінгі және бастауыш білім беру (1); дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі (3); дене тәрбиесі (2); Қазақстан Республикасының тарихы (2); дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер (1); құқықтық пәндер (4); бейнелеу өнері және дизайн (2); хореография және мәдени-тынығу жұмысы (6).

Біліктілік талаптары: жоғары білімі, мамандығы бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы және / немесе магистр академиялық дәрежесінің болуы.

Қажетті құжаттар тізімі:

- университет ректорының атына жазылған өтініш;

- кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы;

- өмірбаян;

- жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;

- қайта даярлау және біліктілік арттыруы туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;

- ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);

- № 086 нысандағы медициналық анықтама, 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6697 тіркелген);

- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

- профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасу үшін білім беру бағдарламасы бойынша жобаның немесе ғылыми қызметкерлердің бос лауазымына орналасу үшін білім беру бағдарламасы бойынша жобаның презентациясы (электрондық түрде, көлемі 10 слайдтан артық емес);

- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11304 тіркелген) (бұдан әрі - №272 бұйрық) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;

- №272 бұйрықпен бекітілген «Психоневорологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы психоневорологиялық ұйымның анықтамасы.

Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Бос лауазымдарға арналған конкурсқа өтініштер хабарландыру жарияланған күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей беріледі.

Құжаттарды мына мекен-жайда қабылданады:

Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., Достық даңғылы, 162, 107-бөлме, 30 қараша 2018 ж. сағат 18.00-ге дейін.

Байланыс телефоны: 8 (7112) 50-86-11.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua