Ақпараттық хат

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Филология факультеті

Қазақ филологиясы кафедрасы

 руханижангыру

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

2018 жылдың 22 қарашасында

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында академик

Қажым Жұмалиев мұрасына арналған

«Қажым Жұмалиев және қазіргі әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері»

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

КОНФЕРЕНЦИЯ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:

- Қажым Жұмалиев және әдебиет теориясы мен сынының өзекті мәселелері;

- Қажым Жұмалиев және қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы мен әдіснамасы мәселелері;

- Қажым Жұмалиев зертеулері және қазақ фолькористикасы;

- академик Қажым Жұмалиевтің ақындық, жазушылық мұрасы және шығармашылығының зерттелуі;

- рухани жаңғыру және әдеби өлкетану мәселелері;

- қазақ тілі білімінің теориялық мәселелері және оқыту әдістемесі.

Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға филолог

ғалымдар, докторанттар мен магистранттар және жоғары оқу орны, колледж, мектеп ұстаздары шақырылады.

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде.

Баяндама мәтіні мен тіркелу үлгісін ұсыну мерзімі 2018 жылдың 20 қарашасына дейін. Ұйымдастыру алқасы көрсетілген мерзімнен кешіккен немесе талапқа сай емес материалдарды жинаққа қоспауға құқылы. Ұйымдастыру алқасы материалдарды конференцияға дейін басып шығаруды жоспарлап отыр. Мақала мазмұнына автор жауапты. Автор мақалаларды өзі толық редакциялап, грамматикалық және стилистикалық қателер жібермеуі тиіс. Жіберілген материалдарды қабылдайтын жауапты жұмыс тобының электронды мекен-жайлары: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ; This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. .

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар:

·Материал Times New Roman шрифтімен (12 кегльмен), 1 аралық интервалмен, жол жиегін барлық жағынан 20 мм қалдырып, Word мәтіндік редакторында басылған 3-5 парақ аралығында болуы керек;

·Ең басында ӘОЖ, 1 интервалдан кейін жол ортасына бас әріптермен баяндаманың тақырыбы, 1 интервалдан кейін автордың аты-жөні мен тегі, жұмыс орны, ұйым атауы жазылады, 1 интервалдан кейін мәтін жалғасады;

·Сілтеме мәтінде кездесу ретіне сәйкес тік жақшада [1, 15 б.], әдебиеттер тізімі мәтін соңында беріледі (Абрамович Г. Введение в литературоведение. 6-учебное издание.– М.: Просвещение, 1975. – 352 с.;

Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 350 б.;

Файл автордың тегімен (фамилиясымен) аталады.

Қатысушылар үшін ұйымдастыру жарнасы3000 (үш мың) теңге. Есеп шот: ҚР Халық банкі Батыс Қазақстан облыстық филиалы, ИИК KZ176010181000011617, БИК HSBKKZKX, БСН 000340002393, Кбе 16, ТМК 861.

Өзге қаладан келіп қатысамын деушілерге: іссапар шығыны қатысушы тараптан.

Байланыс телефондары: 87775653286 (Рақымғалиева Ағиса Омарқызы); .

Тіркелу үлгісі

1.

Автордың толық аты-жөні, тегі

2.

Баяндама тақырыбы

3.

Секциялық бағыты

4.

Жұмыс орны

5.

Лауазымы

6.

Ғылыми дәрежесі

7.

Үй/жұмыс телефондары

8.

E-mail

9.

Пошталық мекен-жайы

10.

Қатысу түрі (іштей/сырттай)

11.

Баяндама жасауға қажетті техникалық құралдар

12.

Қонақ үйге қажеттілік, келу мерзімі

Ұйымдастыру алқасы

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua