«Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК М. Өтемісова бос лауазымдарына конкурс жариялайды (1.11.2018)

«Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК М. Өтемісова бос лауазымдарына конкурс жариялайды

1. Оқу және оқу-әдістемелік жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру бөлімінің басшысы – 1 бірлік.

2. Сапа және аккредиттеу бөлімінің басшысы-1 бірлік.

3. Ақпараттық технологиялар орталығының басшысы-1 бірлік

Біліктілік талаптары: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім), мамандығы бойынша, оның ішінде басшылық лауазымдарда жұмыс стажы кемінде 5 жыл

Конкурска қатысушы адам келесі құжаттарды белгіленген уақытта тапсыруы тиіс.

1. Өтініш;

2. Түйіндеме, мемлекеттік тілде және орыс тілінде;

3. Еңбек кітапшасының көшірмесі (түп ңұсақасымен) немесе еңбек шарты, соңғы жұмыс орнынан еңбек шартының бұзылуы туралы бұйрықтың көшірмесі;

4. Денсаулық туралы анықтама, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

5. Жеке куәлік көшірмесі;

6. Сотталмағандығы туралы анықтама;

7. Сыбайлас жемқорлықпен ұсталмағандығы туралы анықтама;

Конкурска қатысушы адам қосымша өзінің жоғары білімі, жұмыс тәжірибесі, біліктілігі және басқа да жетістіктері туралы мәліметтерді көрсетуіне болады.

Конкурсқа құжаттарды қабылдау 14 (он төрт) күнтізбелік күн аралығында жария етілгеннен кейін орындалады.

Аталған құжаттар белгіленген уақытта осы мекен-жай бойынша қабылданады: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық даңғылы 162, әкімшілік бөлім (каб.107), телефон: 8 (7112) 50-86-11.


 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua