«Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК бос лауазым орындарына конкурс жариялайды (28.08.2018)

«Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК бос лауазым орындарына конкурс жариялайды.

1. Инспектор-1 бірлік
Біліктілік талаптары: Жоғары заңгерлік білім, еңбек құқығы саласындағы жұмыс тәжірибесі
2. Заңгер – 1 бірлік.
Біліктілік талаптары: Жоғары заңгерлік білім, жұмыс тәжірибесі
3. Комендант-2 бірлік
Біліктілік талаптары: Жоғары немесе арнаулы орта білім
4. Оқу және оқу-әдістемелік жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру бөлімінің басшысы – 1 бірлік.
Біліктілік талаптары: Жоғары білім, педагогикалық қызмет өтілі 3 жылдан кем емес
5. Ғылым және халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы – 1 бірлік.
Біліктілік талаптары: жоғары оқу орнынан кейінгі білім, ғылыми дәрежесінің болуы, ғылым саласындағы жұмыс тәжірибесі, кемінде 3 жыл жұмыс өтілі
6. Сапа және аккредиттеу бөлімінің басшысы-1 бірлік.
Біліктілік талаптары: жоғары оқу орнынан кейінгі білім, сапа менеджменті жүйесі және аккредиттеу саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі
7. Ақпараттық технологиялар орталығының редакторы – 1 бірлік.
Біліктілік талаптары: Жоғары немесе орта-арнайы білімі, жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес, мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеруі
8. Қашықтықтан оқыту орталығының басшысы-1 бірлік
Біліктілік талаптары: Жоғары білім, жоо-да жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес
9. "Рухани жаңғыру" институтының басшысы-1 бірлік.
Біліктілік талаптары: Жоғары білім, жоо-да жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес
10. Интернационалдандыру орталығының әдіскері-1 бірлік.
Біліктілік талаптары: Жоғары білім, мемлекеттік, шет тілдерін меңгеруі, құжаттармен жұмыс тәжірибесі
11. Аудармашы консультанты-1 бірлік
Біліктілік талаптары: Жоғары білім, мемлекеттік, ағылшын тілін білу (В2 деңгейінен төмен емес), жұмыс өтілі 2 жыл, ауызша және жазбаша аударма дағдысы
12. Оқу және оқу-әдістемелік жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру бөлімінің әдіскері-3 бірлік (бала күтімі демалысы уақытына 2 бірлік)
Біліктілік талаптары: Жоғары білім, жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес
13. Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығының әдіскері-1 бірлік.
Біліктілік талаптары: Жоғары білім, білім саласында кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі, дербес компьютерді пайдалана білу, мемлекеттік және орыс тілдерін білу.
14. Кітапханашы-4 бірлік (декреттік демалыс уақытына)
Біліктілік талаптары: Жоғары немесе арнаулы орта кітапханалық білімі, жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес, мемлекеттік және орыс тілдерін білуі
15. Ғылым бөлімінің сарапшысы-3 бірлік
Біліктілік талаптары: жоғары оқу орнынан кейінгі білім, жұмыс өтіліне көрсетілмейді
16. Ғылыми қызметкер – 1 бірлік.
Біліктілік талаптары: Жоғары білім,
17. Кіші ғылыми қызметкер – 1 бірлік.
Біліктілік талаптары: Жоғары білім, жұмыс өтіліне көрсетілмейді
18. Жаттықтырушы – 1 бірлік.
Біліктілік талаптары: жоғары спорттық білім, жұмыс тәжірибесі қажет
19. Инфрақұрылымды дамыту департаментінің аға менеджері – 1 бірлік.
Біліктілік талаптары: Жоғары экономикалық білім
20. Факультет хатшысы-1 бірлік (декреттік демалыс уақытына)
Біліктілік талаптары: Жоғары немесе арнаулы орта білім
21. Инженер (Құрылыс бойынша) – 1 бірлік
Біліктілік талаптары: лауазымға сәйкес келетін жоғары білім
22. Техника қауіпсіздігі инженері-1 бірлік
Біліктілік талаптары: лауазымға сәйкес келетін жоғары білім
23. Зертханашы-11 бірл. (7 бірл. декреттік демалыс уақытына)
Біліктілік талаптары: лауазымға сәйкес келетін жоғары білім


Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады::
1) өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

4) еңбек кітапшасының (ол болған жағдайда) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме;

5) "денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;»;

6) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама;
8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби дайындық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтан және т.б. ұсыныстар) ұсына алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

Аталған құжаттар белгіленген уақытта осы мекен-жай бойынша қабылданады: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық даңғылы 162, кадрлық қызмет (каб.107), телефон: 8 (7112) 50-86-11.


 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua