«Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК бос лауазым орындарына конкурс жариялайды (6.08.2018)

«Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК бос лауазым орындарына конкурс жариялайды.

1. Ақпараттық технологиялар орталығының бас инженері (декреттік демалыс уақытына) - 1 бірлік.

Біліктілік талаптары: тиісті мамандық бойынша жоғары білім, компьютерлік графика және бейнемонтаж саласындағы жұмыс тәжірибесі, кемінде 3 жыл жұмыс өтілі

2. Ақпараттық технологиялар орталығының инженер-электроншысы-2 бірлік.

Біліктілік талаптары: тиісті мамандық бойынша жоғары немесе орта-арнайы білімі, компьютерлерді және перифериялық құрылғыларды жөндеу және қызмет көрсету саласындағы жұмыс тәжірибесі, кемінде 1 жыл жұмыс өтілі

3. Ақпараттық технологиялар орталығының инженер-бағдарламашысы -2 бірлік

Біліктілік талаптары: тиісті мамандық бойынша жоғары немесе орта-арнайы білімі, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу бойынша жұмыс тәжірибесі, кемінде 1 жыл жұмыс өтілі

4. Болон процесі орталығының әдіскері – 1 бірлік.

Біліктілік талаптары: тиісті мамандық бойынша жоғары білім, жұмыс өтілі кемінде 2 жыл

5. Бас бухгалтердің орынбасары-1 бірлік

Біліктілік талаптары: тиісті мамандық бойынша жоғары білімі және қаржы-бухгалтерлік жұмыс өтілі кемінде 3 жыл

6. Бухгалтер– 2 бірлік.

Біліктілік талаптары: бейіні бойынша жоғары білім, 1с бухгалтерия 8.3 версия бағдарламасында жұмыс істей білу. Жұмыс тәжірибесі қажет.

7. Химик-талдаушы-1 бірлік

Біліктілік талаптары: жоғары кәсіптік білім, тиісті лауазымға және мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады::

1) өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

4) еңбек кітапшасының (ол болған жағдайда) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме;

5) "денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;»;

6) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама;

8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби дайындық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтан және т.б. ұсыныстар) ұсына алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

Аталған құжаттар белгіленген уақытта осы мекен-жай бойынша қабылданады: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық даңғылы 162, кадрлық қызмет (каб.107), телефон: 8 (7112) 50-86-11.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua