«Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК бос лауазым орындарына конкурс жариялайды (28.06.2018)

«Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК бос лауазым орындарына конкурс жариялайды.

1. Мемлекеттік сатып алу бөлімінің менеджері – 1 бірлік.

Біліктілік талаптары: Жоғары экономикалық білім, еңбек өтілі 3 жылдан кем емес

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады::

1) өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

4) еңбек кітапшасының (ол болған жағдайда) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме;

5) "денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;»;

6) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби дайындық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтан және т.б. ұсыныстар) ұсына алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

Аталған құжаттар белгіленген уақытта осы мекен-жай бойынша қабылданады: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық даңғылы 162, кадрлық қызмет (каб.107), телефон: 8 (7112) 50-86-11.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua