«Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК бос лауазым орындарына конкурс жариялайды.

 

  1. Факультет декандарына: жаратылыстану-география факультеті; педагогика факультеті; физика-математика факультеті; филология факультеті; тарих, экономика және құқық факультеті; мәдениет және өнер факультеті.

Біліктілік талаптары: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі, білім беру орындарындағы басшылық қызметтегі немесе мамандық бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы, білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курсынан өткені жөніндегі сертификаты (куәлік).

2. Кафедра меңгерушісіне: дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі (1); дене тәрбиесі (1); педагогика және психология (1); жалпы педагогика, психология және өзін-өзі тану (1); орыс филологиясы (1); биология және экология (1); информатика (1); физика және математика (1); экономика және менеджмент (1); есеп және қаржы (1); бейнелеу өнері және дизайн (1); дәстүрлі музыкалық және орындаушылық өнер (1);

Біліктілік талаптары: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі, педагогикалық лауазымындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы.

3. Кафедра профессорына: қазақ филологиясы (1); информатика (1); экономика және менеджмент (1).

Біліктілік талаптары: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі, «қауымдастырылған профессор (доцент)» ғылыми атағы мен ғылыми педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы.

4. Кафедра қауымдастырылған профессорына (доцент): педагогика және психология (3); шетел тілдері (1); орыс филологиясы (1); география (1); биология және экология (3); химия (1); физика және математика(1); информатика (1); Қазақстан Республикасының тарихы (1); дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер (1); құқықтық пәндер (2); экономика және менеджмент (3); есеп және қаржы (3); бейнелеу өнері және дизайн (1); дәстүрлі музыкалық және орындаушылық өнер (1); хореография және мәдени-тынығу жұмысы (1).

Біліктілік талаптары: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі, ғылыми педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы.

5. Кафедра аға оқытушысына: педагогика және психология (5); дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі (3); жалпы педагогика, психология және өзін-өзі тану (3); шетел тілдері (5); қазақ филологиясы (5); орыс филологиясы (2); география (4); биология және экология (3); физика және математика (4); информатика (4); Қазақстан Республикасының тарихы (2); дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер (1); құқықтық пәндер (4); экономика және менеджмент (4); есеп және қаржы (6); музыкалық білім және вокал (6); бейнелеу өнері және дизайн (7); дәстүрлі музыкалық және орындаушылық өнер (4); хореография және мәдени-тынығу жұмысы (3).

Біліктілік талаптары: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі 3 жылдан кем емес, сонымен қатар оқытушылық қызметте 1 жылдан кем емес немесе мамандығы бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы және/ немесе ғылыми дәрежесінің болуы.

6. Кафедра оқытушысы: педагогика және психология (6); дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі (1); дене тәрбиесі (7); жалпы педагогика, психология және өзін-өзі тану (3); шетел тілдері (5); қазақ филологиясы (2); орыс филологиясы (3); физика және математика (3); информатика (5); химия (3); экономика және менеджмент (1); есеп және қаржы (1); музыкалық білім және вокал (1); бейнелеу өнері және дизайн (4); дәстүрлі музыкалық және орындаушылық өнер (2); хореография және мәдени-тынығу жұмысы (2).

Біліктілік талаптары: жоғары білімі, мамандығы бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы және / немесе магистр академиялық дәрежесінің болуы.

Қажетті құжаттар тізімі:

1. университет ректорының атына жазылған өтініш;

2. кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы;

3. өмірбаян;

4. жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;

5. қайта даярлау және біліктілік арттыруы туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;

6. ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);

7. № 086 нысандағы медициналық анықтама, 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6697 тіркелген);

8. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

9. профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасу үшін білім беру бағдарламасы бойынша жобаның немесе ғылыми қызметкерлердің бос лауазымына орналасу үшін ғылыми зерттеу жұмысы бойынша жобаның презентациясы (электрондық түрде, көлемі 10 слайдтан артық емес);

10. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен ( нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 11304 тіркелген) (бұдан әрі - № 272 бұйрық) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;

11. № 272 бұйрықпен бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы.

Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Бос лауазымдарға арналған конкурсқа өтініштер хабарландыру жарияланған күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей беріледі.

Құжаттарды мына мекен-жайда қабылданады:

Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., Достық даңғылы, 162, 107-бөлме, 21 тамыз 2017 ж. сағат 18.00-ге дейін.

Байланыс телефоны: 8 (7112) 50-86-11.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua