«Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары: кеше және бүгін» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы туралы

 

logoАғымдағы жылдың наурыз айының 3-де М.Өтемісов атындағы  БҚМУ мен  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  БҚО  бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары: кеше және бүгін» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияға БҚО бойынша мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығының орынбасары, тәртіптік кеңес төрағасы Сүйінбаев Нұрлан Болатұлы, Департаменттің мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы – Жұбаныш Аманқос Сағынұлы, Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы – Масимова Венера Нұрахметқызы және универститеттің оқытушылар құрамы мен студенттері қатыстырылды. Аталған ғылыми-тәжірибелік конференцияда жемқорлыққа төзбеушілік жағдайларын қалыптастыру, онымен күресудегі мемлекеттік сратегияның жүзеге асырылуы, сыбайлас жемқорлыққа жастардың көзқарасы тақырыбында баяндамалар тыңдалды. Конференцияның соңында аталған мемлекеттік орган мен  М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, БҚМУ «Ақиқат пікір және талас орталығы» жастар қоғамдық бірлестігі, Батыс Қазақстан облысының «Жас ғалымдар кеңесі», «Перспектива социум» жастар қоғамдық бірлестігі» арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен іс-қимыл жөніндегі келісімге қол қойылды.

DSC04650DSC04692

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua