«Заманауи технологиялар білім сапасын басқарудың құралы ретінде» семинары бойынша есеп

                                  «Заманауи технологиялар білім сапасын басқарудың құралы ретінде» семинары бойынша есеп

2020 жылдың 13 – 16 қаңтар аралығында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор А.С.Тасмағамбетовтың басшылығымен академиялық қызмет департаменті «Заманауи технологиялар білім сапасын басқарудың құралы ретінде» тақырыбында төрт күндік оқу семинарларын ұйымдастырды. Семинар жұмысына факультет декандары, декандардың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, "Өрлеу" біліктілікті арттыру орталығының өкілдері және жас оқытушылар қатысты.Оқыту семинары аясында тренингтер, мастер-класстар, интерактивті пікірталастар өткізілді.Академиялық қызмет департаментінің директоры Г.С.Кайсагалиева жас оқытушылармен М. Өтемісов атындағы БҚМУ академиялық үрдістің ерекшеліктері және негізгі нормативтік-құқықтық құжаттар туралы интерактивті пікірталас өткізді.Білім беру бағдарламаларының жобалық кеңсесінің жетекшісі Б.Ж.Джангазиева декандар және олардың орынбасарларымен, кафедра меңгерушілерімен білім беру бағдарламаларын жобалау мәселесі бойынша семинар-тренинг өткізді.Оқу үрдісін жоспарлау және ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі С.А.Кажиахметов аралық және қорытынды бақылауды жүргізудің негізгі формалары мен әдістері бойынша семинар өткізді.Университеттің жетекші оқытушылары жас педагогтарды кәсіби қолдау және педагогикалық шеберлікті жетілдіру бойынша практикалық-бағытталған, әдістемелік көмек көрсету мақсатында мастер-класстар өткізді: Г.Г.Мухамбетова - информатика кафедрасының аға оқытушысы: «Дәріс сабақтарды интерактивті әдістерді қолданып өткізу», Г.А.Садыкова - экономика және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы: «Блум таксономиясын қолдану арқылы семинар сабақтарын өткізу әдістемесі», А.С.Криуля – орыс филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, магистр – «Онлайн-курстарды құру және өткізу мәселелері және олардың даму перспективалары», А.Т.Ергалиева – өнертану кандидаты, доцент, дәстүрлі музыкалық және орындаушылық өнер кафедрасы: «Музыкалық аспапты меңгеруде қолданылатын озық педагогикалық технологиялар», Г.А.Бимагамбетова – б.ғ.к., доцент, биология және экология кафедрасы: «Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларын сабақтарда қолдану жолдары», Б.Х.Ходжанова - аға оқытушы, география кафедрасы: «Реттелген адам – қоғамның қозғаушы күші», Д.Г.Хабиева - аға оқытушы, С.Н.Ерниязова - аға оқытушы, мектепке дейінгі және бастауыш оқыту кафедрасы: «ЖОО-да студенттердің өзіндік жұмысын тиімді ұйымдастыру жолдары». Оқыту семинарына "Өрлеу" БАҰО " АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ Білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының аға оқытушысы К. И. Байқатова қатысып, оқытушылармен фасилитацияланған сессия ұйымдастырды. 

      «Заманауи технологиялар білім сапасын басқарудың құралы ретінде» тақырыбындағы оқыту семинарларының қорытындысы бойынша келесі ұсыныстар қабылданды:

1) Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамына пәндер силлабустарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

2) Кафедраның ПОҚ оқыту онлайн-курстарын әзірлеу;

3) Оқу үрдісінде студенттерді оқытудың белсенді және интерактивті әдістерін қолдану тәжірибесін енгізу.

Сем 3

Сем 2

Сем 5

Сем 4

 

 

 

Тарихи роман жазудың хас шебері

                                               Тарихи роман жазудың хас шебері

Bib knig 2ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінің тарихында бүгінге дейін ең көп роман жазға аса көрнекті жазушы  Ілияс Есенберлиннің туғанына 105 жыл толуына орай М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Ғылыми ктіапханасының №1 гуманитарлық ғылымдар оқу залында «Ілияс Есенберлин – қазақ ауыз әдебиетінің білгірі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге жазушының «Айқас», «Скифтер сағымы» , «Қаһар», «Көшпенділер»,»Қара алтын», «Махаббат мейрамы», «Алтын Орда» , «Мұхиттан өткен қайық» атты бірқатар еңбектері мен мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалар тізбегі ұсынылды.Көрменің мақсаты жазушы еңбектерін оқырманға насихаттау.Ілияс Есенберлин өзінің тарихи трилогиясында «Көшпенділер» қазақ елінің ХV-XIX ғасырлардағы Тәуелсіздік үшін табанды күресті көркем суреттеп, осы жолдардағы қиындықтарды, ішкі қайшылықтарды, адам қатынастарын, олардың әрекеті мен мінез-құлықтарын, сырт жаулармен шайқаста шыныққан бірлікті, дәстүрді, салт-сананы көрсетеді. Жазушы мұрасы келешек ұрпақ үшін берер мол мұрасы зор.

 

 

 

Қазақтың дана Қадыры

                                                                                                     Қазақтың дана Қадыры

Bibknig Ақын,  Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері туған халқының жүрегіне сұлу, сырлы өлеңдерімен өрнектеп жазып кеткен Қадыр Мырза Әлінің туғанына 85 жыл толуына орай М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Ғылыми кітапханасының №1 гуманитарлық ғылымдар оқу залында «Өлең сөздің зергері - Қадыр ақын» атты ақын шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде «Жазмыш»,» Иірім», «Таңдамалы туындыларының көп томдығы», «Ғибратнәмә», «Прапамять», «заманай», «таңдамалы шығармалар», «Қылыш пен қанжар күндерай» Т-1, «Мәңгі майдан әулетім-дәулетім» Т-2, «Еңіреп өткен ерлер- ай», «Соловьиный сад», «Ладони» атты бірқатар еңбектері мен мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалар тізбегі топтастырылған.Ақын белгілі бір тақырыпты терең зерттеп зерделейтін жүйе жинақтарды өмірге әкелді. Олар «Ақ отау», «Бұлбұл бағы», «Ой арманы», «Домбыра», «Қызыл кітап», «Мәңгі майдан», «Қылыш пен қанжар», тағы басқа жинақтар қазақ поэзиясында бұрын – соңды болып қөрмеген құбылыс ретінде қабылданды. Ақын қаламынан әдебиеттің әр жанрына қатысты шығармалар туды.

 

 

 

Өсімдіктер әлемі

                                                                                                   Өсімдіктер әлемі.

ras knig 1 Біріккен Ұлттар  Ұйымы   Бас  Ассамблеясы  2020 жыл   Халықаралық  өсімдіктер  денсаулығын  қорғау  жылы  деп  жариялануына   орай   Ғылыми кітапхананың № 2 оқу залында«Өсімдіктер  әлемі»  атты  кітап  көрмесі  ұйымдастырды. Көрменің   мақсаты   өсімдіктер  тарихымен  таныстыру,  өсімдіктердің  көптүрлілігін   және   маңызы  жайлы  түсінік  беру, дәрілік  өсімдіктер туралы  ақпарат  алу,  дүниетанымдық  көзқарасын  қалыптастыру,  білімдерін  арттыру, өсімдіктерді  қорғауға  тәрбиелеу.Кітап  көрмесіне  жалпы  өсімдіктер туралы  кітаптар,  атап айтсақ  авторы  Атабаева  С. Ж. « Өсімдіктер  физиологиясы»,  қызыл  кітапқа  енген өсімдіктер , авторы  Иващенко  А. А. « Қазақстан  өсімдіктер  әлемінің асыл қазынасы »  дәрілік   өсімдіктер  туралы,  биология  оқулықтары,  Батыс  Қазақстан   облысында  таралған  өсімдіктер  туралы  ақпарат,  БҚМУ  оқытушыларының еңбектері авторы  Дарбаева Т.Е.  « Өсімдіктер систематикасы», Петренко А.З. « Зеленая книга Западно – Казахстанской области» және мерзімді баспасөз беттерінен материалдар ұсынылды.

 

Белсенді өмір – жүз жастық ғұмыр

                                                                               Белсенді өмір – жүз жастық ғұмыр

8 қаңтар күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде университет кәсіподағының ұйымдастыруымен өз шымылдығын түрген  профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер арасындағы 63-ші «Денсаулық» спартакиадасы өз мәресіне жетті. Әуесқой спортшылардың жүлде үшін тартысы қарқынды әрі қызықты болды.6 спорт түрінен ұйымдастырылған сайысқа 9 команда қатысқан болатын. 3 күнге созылған сайыста қатысушылар сын  алаңдарына шығып, жеңіс үшін жан аямай  шеберліктерін көрсетті. Байрақты бәсекеде волейбол ойынынан Физика-математика факультеті, шахмат ойынынан  Ақпараттық технология факультеті, үстел теннисінен  Мәдениет және өнер факультеті, тартысқа толы эстафетадан Мәдениет және өнер факультеті, дойбыдан Физика-математика факультеті, арқан тартыстан Мәдениет және өнер факультеті үздіктер қатарынан көрініп, жүлделі І орынды иеленді.Жалпы командалық есеп бойынша, Физика-математика факультеті І орынды қанжығасына байласа, Мәдениет және өнер факультеті жарыстың ІІ орынын еншіледі. Ал Әкімшілік бөлімі ІІІ орынға тұрақтады.Сондай-ақ, шара барысында белсенділік танытқан Мерболат Имангалиев, Хамидолла Куставлетов, Сисен Сертеков, Нуржан Нагимов, Тайман Казиев, Азамат Дюсенбаев, Валия Рамазанова, Кеңес Тастаев, Светлана Баюканская, Мухамбет Қадырбаев, Абат Қыдыршаев, Акмарал Айтжановалар үздіктер қатарынан көрініп, шебер ойын өрнегін көрсете білді.Сайысқа қатысушы барлық жеңімпаздар Алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталып, аламан ойын тамаша көңіл-күймен өз мәресіне жетті.

                                                                                                                                                                         Азиза СУЙНШКАЛИЕВА

 

 

Спорт – денсаулық кепілі

                                                          Спорт – денсаулық кепілі

Бүгін М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер арасында 63-ші «Денсаулық» спартакиадасы басталды.Университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерінің спорт түрлерімен шұғылдануын дағдыландыру, салауатты өмір салтын насихатттау, университет ұжымын бір-бірімен жақынырақ таныстыру мақсатында ұйымдастырылған бәсеке 8-10 қаңтар күндері өтеді.Шараның ашылу салтанатында сөз алған университеттің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры Әсет Тасмағамбетов, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Владимир Салов, жарыстың бас төрешісі, «Дене тәрбиесі» кафедрасының меңгерушісі Людмила Демченко қатысушыларға жылы лебіздерін арнап, алдағы ойынға сәттілік тіледі.Айта кетейік, спорттың шахмат, волейбол, дойбы, арқан тарту, үстел теннисі, эстафета сынды  6 түрінен ұйымдастырылған сайысқа 9 команда қатысып, бақтары мен баптарын сынамақ.3 күнге созылатын спорт сайыстарының қорытындысы бойынша «жүзден –жүйрік, мыңнан – тұлпар» шыққан командалар мен жекелей қатысушылар университет ректорының Алғыс хатымен марапатталатын болады.

                                                                                                                                                   Азиза СУЙНШКАЛИЕВА

 

Ғылыми жобаның презентациясы өтті

                                                                          Ғылыми жобаның презентациясы өтті

Ханшайым киім 7 Бүгін Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Батыс Қазақстан облысының «Тақсай-1» қорғанынан табылған «Алтын ханшайымның» тарихи костюмін  қайта өңдеу» атты ғылыми жобаның презентациясы өтті. Оған арнайы шақырылған қонақтар мен  профессор-оқытушылар құрамы, студенттер қауымы қатысты. Жобаның мақсаты - БҚО «Тақсай-1» қорғанынан табылған  «Алтын ханшайым» тарихи костюмін археологиялық мәліметтерге сүйене отырып қайта өңдеу.«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Батыс Қазақстан облыстық тарих және экология орталығы 2012 жылы қазба жұмыстарын жүргізген кезде Теректі ауданы Долинный ауылы маңында орналасқан «Тақсай» кешенінен қорған табылған болатын. «Алтын ханшайым» болып аталған, ежелгі сармат кезеңіне жататын ақсүйек әйел адамның қабірінен көптеген алтын бұйымдар табылып, оның жалпы салмағы 3 келіге жуықтаған. Алтын бұйымдармен бірге қола айна, тұмарлардың табылуы – оның сарматтың абыз әйелі екендігін танытады.Шара хореография мамандығы студенттерінің «Киіз өрнектері» биімен ашылды. Одан әрі кештің алғы сөзін алған университеттің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Қажымұрат Ахмеденов шараға қатысушыларға ғылыми жобаның мақсаты мен міндетін айтып берді. Ал, тарих ғылымдарының докторы, профессор Сдыков Мұрат Наурызғалиұлы мен аталмыш жобаның Ханшайым киім 4ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Кайнбаева Жәмила Советқызы:-«Алтын ханшайым» костюмін қайта өңдеудің алғашқы жұмыстарын  белгілі қайта өңдеуші Крым Алтынбеков пен «Остров Крым» ғылыми өңдеу зертханасының мамандары жүргізіп, «Тақсай-1» қорғанының №6 кешенінен табылған материалдар негізінде әйел адамның көркем бейнесін  жасаған. Алайда аталған тарихи костюмнің бейнесін толық аяқталды деп есептеуге болмайды. Материалдар, түстер үйлесімділігі, «Алтын ханшайым» костюмінің көйлегі, шекпені, бас киімінің құрылымдық бөліктерінің элементтері жөнінде даулы мәселелер туындады. Ғылыми жоба құрылымдық түрі мен сол кездегі костюм мен киім жөніндегі тарихи мәліметтерді ескере отырып, БҚО Ханшайым киім 2 «Тақсай-1» қорғанынан табылған  «Алтын ханшайым» костюміне баламалы қайта өңдеу жасауға арналған, - деп жұмыстың орындалу барысымен таныстырып өтті.Көптен күткен сәт те жетіп, «Алтын ханшайымның» тарихи киімінің алътернативті қайта жаңғыруын зерттеу тобының мүшелері, аға оқытушы, магистр Нұрдәулет Асқарұлы мен аға оқытушы, өнер магистрі  Юлия Вячеславовна ашып, көрсетті. Көрсетілімнен соң жиылғандар зерттеу тобының мүшелеріне бірнеше сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.Кеш «Дәстүрлі музыкалық өнер» мамандығының 2-курс студенті Қайрат Байғұттының орындауындағы Дәулеткерейдің «Көрөғлы» күйімен өз мәресіне жетті.

                                                                                                                   Азиза СУЙНШКАЛИЕВА

Аңыз тұлғаға құрмет

Аңыз тұлғаға құрмет

АНЫЗ ТУЛГАГА КУРМЕТ 1 Биыл көрнекті жазушы, белгілі қаламгер, әдебиет алыбы Әбіш Кекілбайұлының туғанына - 80 жыл. Оның шығармалары қазақ әдебиетінің қазынасы. Халқымыздың ғана емес, әлем жазушысына айналған ол артына өшпес мол мұра қалдырған. Бүгін абыз ақынның құрметіне орай Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Әбіштің аңыз әлемі» атты жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері арасында қалалық шығармашылық байқаудың қорытынды кеші өтті. Байқау жазушының шығармашылық тұлғасын насихаттау, студенттер мен жастардың ой-танымын кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында  ұйымдастырылды.Аты алашқа мәлім Әбіш Кекілбайұлына арналған бәйге 3 бағыт бойынша өткізілген болатын. Студент жастар байқауда эссе, мақала жанрлары мен бейнеролик дайындау арқылы өзара сынға түсті.Кештің шымылдығын түріп, құттықтау сөз сөйлеген Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді дамыту секторының меңгерушісі Роза Оңғарбайқызы «Жастар жылына» орай көптеген байқаулар ұйымдастырылғанын, Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығына арналған осы шара жыл қорытындысы екендігін айта келе, сайысты ұйымдастыруға қолдау көрсеткен М.Өтемісов атындағы БҚМУ ұжымына алғысын білдірді.Сайысқа қатысушылардың шығармаларын Батыс Қазақстан аныз тулгага курмет 15 инновациялық-технологиялық университетінің доценті Ажғалиев Марат Қайыржанұлы, «Ақжайық» телеарнасының режиссері Ермекқалиева Назгүл Асылбекқызы, Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді дамыту секторының меңгерушісі Зайнуллина Роза Оңғарбайқызы сынды сарапшылар бағалады. Қазылар алқасының шешімімен «Үздік эссе» номинациясы бойынша Арман Ғабдықұл жүлделі І орынды, Қазына Эсетова ІІ орынды, Сәттігүл Төлеген ІІІ орынды иемденді. Ал Зафура Мамут, Азамат Бақи, Қазына Файзуллиналар алғыс хатпен марапатталды. «Үздік шығармашылық бейнеролик» аталымы бойынша Ермахан Амангелді І орынды қанжығасына байласа, Қайырбек  Кенжалиев ІІ орынға ие болып, Әсемгүл Метенова ІІІ орынға тұрақтады. «Үздік мақала» жанры бойынша Жадыра Құлтай І орынды еншілесе, Бағдат Оразхан ІІ орынды, Айгерім Батырғалиева ІІІ орынды иеленді. Байқауда белсенділік танытқан Сауат Берікқалиға алғыс хат табыс етілді.Кеш барысында қалалық деңгейде ғана емес, облыстық, республикалық байқауларда топ жарып жүрген филология факультетінің студенттері Зафура Мамут Әбіш Кекілбаевтың "Аңыздың ақыры" романынан үзінді оқыса, Нұрсұлтан Бақтыбай, Жадыра Құлтай, Дәулет Қуанышбайұлы аңыз адамның сыршыл лирикалық өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Ал жас ақындар Азамат Бақи мен Еркеназ Қалижан өз шығармашылығынан жыр арнады. Кеш Еркеназ Қалижанның «Әбіш – Абыз – Аңыз» атты Әбішке арнау өлеңімен қорытындыланды.

аныз тулгага курмет 17

аныз тулгага курмет 9

 

 

 

 

 

 

 
Әбіш – Абыз – Аңыз
(Әбішке арнау)

Арда Әбіш
Сөз саумалын ағытса асыл, тұнық,
Көңілдерге сиқырлы саз ынтығып.
Жан-жүйені сілкінтер құдды анау
Көк аспанды кеткендей жасын тіліп.

Саф тыйылып жамағат жамырасқан,
Талпына тыңдап кешке таңы ұласқан.
Шет қалмаққа шыдамай шындығынан
Бусанатын шағылдар шаңы басқан.

Шағаланың басылып шарқ ұрғаны,
Табиғатты шіркін, сөз таң қылғаны.
Төлім деп тебірене тербелетін
Қарт Каспийдің тентектеу толқындары.

Бір арманға жеткендей аңсап бәрі,
Таңдай ұрып төбеден тау шатқалы.
Маңғаздана қарайтын маңайына
Кім екен деп күн сүйген саусақтарын.

Алардай күмбірлеген күй алапты,
Талайға рух солай ұялатты.
Тебініп тұратын сөз-құдіретке
Тұсауға ерік бермей тұяғы аттың.

...Текті солай толғайтын дара шығып,
Жақсылыққа тұрғандай жаны асығып.
Ал, бүгін ойсыраған Отпантауда
Қарт інгеннің боздайды қарашығы.

Болатын нар қазақтың бағы нағыз,
Кетті бір Темірқазық тағы да алыс.
Өнеге-өмір, өнері – бәрі де аңыз,
Жоқ, өлмеді, тірі әлі Абыз Әбіш!


Азиза СУЙНШКАЛИЕВА

Борьба с коррупцией – наш общий долг

                                                                                              Борьба с коррупцией – наш общий долг

 В ЗКГУ им. М.Утемисова состоялось открытое заседение Совета по Добропорядочности, в котором приняли участиеруководство вуза, деканы, преподаватели факультетов и студенты.Ректор Нурлан Сергалиев вкратце остановился на основных направлениях работы Совета и ознакомил членов Совета с повесткой. В выступлении проректора по учебно-методической работе Асета Тасмагамбетов по «Совершенствованию процедур контроля знаний в ЗКГУ им. М.Утемисова, в контексте принципов академической честности» было отмечено, что в университете ведется планомерная, комплексная работа,увеличилось количество мероприятий по антикоррупционной деятельности  и профилактике правонарушений. В университете активно действует антикоррупционная пропаганда, совершенствуется система антиплагита. Аудитории оснащены видеонаблюдением, благодаря которому отслеживается сдача экзаменов во время сессии, с 2018 года функционирует Центр обслуживания студентов (ЦОС)», постоянно проводятся акции «Чистая сессия», «Как живешь, студент?» и др.Председатель комиссии, проректор по НРиМС Ахмеденов К.М. подчеркнул что, в ЗКГУ была создана антикоррупционная наблюдательная комиссия. Работа комиссии направлена на ликвидацию условий, порождающих и провоцирующих коррупцию, на предотвращение случаев коррупции во время сессии, а также - на формирование антикоррупционного общественного сознания, нетерпимого отношения к коррупционным действиям. Руководитель Центра социологических исследований Добряев П.А. ознакомил с результатами социологического мониторинга коррупционных рисков в ЗКГУ.В завершении мероприятия был продемонстрирован видео-ролик о внедрении принципов Добропорядочности в ЗКГУ им. М.Утемисова, а также обсуждались дальнейшие шаги по совершенствованию антикоррупционной политики университета.

 

                                                                               Дандыкулова Алтыншаш

 

«Паллиативті көмек: психологиялық-әлеуметтік және медициналық аспектілер» тақырыбындағы қалалық семинар

 «Паллиативті көмек: психологиялық-әлеуметтік және медициналық аспектілер» тақырыбындағы қалалық семинар 

2019 жылдың 25 желтоқсанында М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Паллиативтік көмек бойынша диагностика және түзету, алдын-алу, бейімдеу және авторлық әдістемелерді әзірлеу» жобасы аясында «Паллиативті көмек: психологиялық-әлеуметтік және медициналық аспектілер» тақырыбында қалалық семинар өтті. Жоба жетекшісі - т.ғ.д., доцент Адельбаева Н.А. және бірлескен жетекші – педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушы-магистр Кулдашева Н.У., жоба мүшелері: мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының аға оқытушы – магистрі Федорченко Л.А., «Психология» білім беру бағдарламасының 2 курс магистранттары Гизатова А.С. және Орынгалиева Д.Н.Семинарға қалалық денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері, Орал қалалық емханаларының медициналық қызметкерлері мен психологтары, педагогика және психология кафедрасының профессорлық оқытушылық құрамы, сондай-ақ магистранттар қатысты.Бағдарлама бойынша семинарды М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, г.ғ.к., доцент Ахмеденов К.М. алғы сөзбен бастады.Семинар барысында п.ғ.к., т.ғ.д., доцент Адельбаева Н.А. «Паллиативті көмек бойынша жұмысты жүзеге асыру» тақырыбында, Педагогика факультетінің деканы, п.ғ.к., доцент Габдрахманова Ш.Т. «Эмоционалды жануды алдын-алу кезіндегі психологтың қызметі» тақырыбында, Орал қаласының № 5 қалалық емханасының психологы Кабесова Г.Т. «Паллиативті көмекке шығуда әлеуметтік қызметкер мен психологтың жұмыс ерекшеліктері» тақырыбында және мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының аға оқытушы-магистрі Федорченко Л.А. «Паллиативті көмек жүйесіндегі психологтың рөлі» тақырыбында өз баяндамаларын оқыды. Сонымен қатар, семинар барысында денсаулық сақтау қызметкерлері мен психологтарына «Коммуникативті қабілеттерді дамыту» тренингісі жүргізілді.Семинар соңында қатысушылар тақырып бойынша өз пікірлерін білдіріп, тәжірибелерімен бөлісті.

Тағы мақалалар...

  1. Рухани жаңғыру – ертеңіміздің кепілі
  2. «IQ MAKHAMBET» өз мәресіне жетті
  3. ЖИТС-ке қарсы бәріміз бірге
  4. «Ақиқат» өз бигінде
  5. Үздіктер қатарында
  6. Тәуелсіздік күні тойланды
  7. Молодежь life
  8. В университете имени М. Утемисова прошел конкурс «БҚМУ жұлдызы - 2019»
  9. Махамбет университеті үздіктерін анықтады
  10. Независимость - священная ценность для всех казахстанцев
  11. «Үздік студент – 2019»
  12. Жағымды жаңалық
  13. Үздік магистрант
  14. Әріптес жетістігі
  15. Тарихтан сыр шертті
  16. Интеллектуалды ойын оздырылды
  17. Ақжайық айтысының анасы
  18. «Эрудит» зияткерлік сайысы
  19. Республикалық пікірсайыс турнирі өтті
  20. Спасти Шалкар!
  21. САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚОЛДАЙМЫЗ
  22. БҚМУ-дың жалынды жастары
  23. Эстафеталық ойын жарысы
  24. Адамзаттың Абайы
  25. Дипломант атанды
  26. Лекции профессора
  27. Заңға енген өзгерістер түсіндірілді
  28. «Зоологиялық мұражайдың тарихы, құрылымы, БҚО жануралар дүниесі және ҚР қызыл кітапқа еңген түрлер»
  29. Зоологиялық мұражайдың экологиялық сауатты және мәдениетті тұлға тәрбиелеудегі орны» тақырыбында дөңгелек үстел
  30. Кітапхана – ұлттық тәрбиенің қайнар көзі
  31. Профессор В.В.Ивановтың ғылыми мұрасы
  32. Обучающий семинар для сетевых преподавателей ЗКГУ им. М. Утемисова «Создание мультимедиа для электронного учебного курса»
  33. Алтын Орда – ежелгі өркениет естелігі
  34. Жас ғалымдар конференциясы
  35. В бескорыстном служении людям
  36. Абайды тану – қазақты тану
  37. IQ Makhambet
  38. Интеллектуалды ойын өтті
  39. Поэзия тілдің иесі
  40. С Днем финансиста!
  41. Студенттік өмір – көтеріңкі көңіл
  42. Танымдық кеш
  43. Оқулық таныстырылды
  44. Тарихи мекенге сапар
  45. Ғылыми кеңесте
  46. Абай шығармашылығы насихатталды
  47. Шығармашылығымен танысты
  48. Интеллектуалды ойын өтті
  49. Әріптестікті дамыту
  50. «Жатақхана» комедиясы сахналанды
  51. Өнер иесімен кездесу
  52. Семинар кураторов в ЗКГУ
  53. «Әбіш – Абыз! Ақырғы аңыз»
  54. Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы
  55. «Жас Өркен» бағдарламасының презинтациясы
  56. «Жас Өркен» - твоя уникальная возможность построить успешную карьеру
  57. Абай әлеміне саяхат
  58. Әсем әуен әуелеген
  59. Білім – болашақтың кілті
  60. Еркін форматта өткен кездесу кеші
  61. Низкий Вам поклон… Сегодня ЗКГУ им.М.Утемисова прощается со своим старейшим ветераном - Букаткина Павла Романовича.
  62. Встреча с поэтессой
  63. Шын таланттар бас қосқан күн
  64. Таланттар бас қосқан күн
  65. Религиозная грамотность - требование времени
  66. «Партнерство библиотек вузов: новые формы сотрудничества»
  67. Жемқорлыққа қарсы жиын өтті
  68. БҚМУ жастары – жеңімпаз!
  69. Студенческого полку прибыло
  70. Расширенное заседание Научно-экспертного совета АНК
  71. Латын әліпбиі – қазақ тілінің жаңа көкжиегі
  72. Рухани жаңғыру: студенттерді ұлттық құндылықтарға баулу ісі
  73. Чемпион Ерасыл
  74. "Жоғары оқу орындарында инклюзивті білім берудің теориясы мен технологиясы" тақырыбында облыстық семинар-тренинг өтті»
  75. Вице-министр МОН РК посетила ЗКГУ
  76. Жастарды адалдыққа шақырды
  77. ЖОЛДАУ БАҒЫТТАРЫН ТҮСІНДІРДІ
  78. Хорошая библиотека есть книжное отражение Вселенной
  79. Ветераны ЗКГУ – в строю!
  80. Послание Президента – в центре внимания студентов
  81. МӘРТЕБЕЛІ МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІ ҰЛЫҚТАЛДЫ
  82. Жұлдыз шашқан жырлар
  83. Ұстазым бар сенің қасиетің
  84. «Жоғары оқу орындар педагогтары» номинациясы бағыты бойынша халықаралық дәрежеде ГРАН-ПРИ иеленді
  85. Монографиялық еңбек таныстырылды
  86. Қала әкімі БҚМУ-да
  87. "Абай оқулары" байқауы өтті
  88. «Үздік ғылым кандидаты-2019» атты төсбелгімен марапатталды.
  89. «Жоғары оқу орындар педагогтары» номинациясы бағыты бойынша халықаралық дәрежеде 1 орынды иеленді.
  90. Жастарды жігерлендірген жүздесу
  91. Өнермен өрілген өмір
  92. Өзіңді-өзің қалыптастыр!
  93. Встреча студентов с представителями компаний-работадателей
  94. Салт-дәстүр – ұлттық тәрбиенің негізі
  95. Интеллектуалды сайыс
  96. Язык – сокровище народа, духовный арсенал
  97. 13.09.2019Послание Президента – новый этап демократического развития Казахстана
  98. Ұлағатты ұстаз мерейлі жаста
  99. Бүгін М. Өтемісов атындағы БҚМУ ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» аталатын келелі мәселелер көтерілген Қазақстан халқына жолдауын тыңдап, талқылады.
  100. Торжественная линейка в честь Дня знаний в ЗКГУ

Сауалнама - Анкета

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua