Мәдениет және өнер факультеті Конституция күнін атап өтті

28 тамыз күні мәдениет және өнер факультетінде белсенді студенттер тобының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Азат елдің Ар намысы - Ата Заң!» атты мерекелік шара өтті.

28 тамыз күні мәдениет және өнер факультетінде белсенді студенттер тобының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Азат елдің Ар намысы - Ата Заң!» атты мерекелік шара өтті. Мерекелік шараға факультетіміздің профессор-оқытушылар құрамы, белсенді студенттері және 1 курс студенттері мен олардың ата-аналары қатысты. Мерекелік шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнімен басталып, әрі қарай бағдарлама бойынша құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы А.М.Аманбаевтың  «Патриотическое воспитание молодежи, распространение знаний об историй создания Конституций РК» тақырыбындағы баяндамасымен жалғасты. «Дәстүрлі музыкалық өнер» мамандығының 2-курс студенті З.Касымова «Конституция тәуелсіздіктің кепілі» атты баяндамасын шараға қатысушылардың назарына ұсынды. Сонымен қатар, 2-курс студенттері А. Габдрешев, А.Гумар, Ж.Кожахметова,            А.Шайдолла өз шығармашылық өнерлерін көрсетті. Бұл мерекелік шараның жүргізушілері - дизайн мамандығының 3 курс студенті, Н.Ә.Назарбаев атындағы шәкіртақы иегері – Р.Сарбалиева және музыкалық білім мамандығының 2 курс студенті, М.Төлебаев атындағы Республикалық  шәкіртақы иегері А.Гумар мерекелік іс-шараның мазмұнын ашуымен қатар, студенттердің бойында патриоттық сезімдерін оята білді.
Шара соңында факультет деканы М.И.Исатаев оқытушылар мен студенттерді атаулы мерекемен құттықтап, факультеттің белсенді студенттерін таныстырып, университет құрылымы мен факультеттің оқу, ғылым, тәрбиелік жұмыстары жөніндегі негізгі мақсаттарды атап көрсетті.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua