Университет студенті олимпиада жеңімпаздарының қатарында

Университет студенті олимпиада жеңімпаздарының қатарында

Ұлы кемеңгер Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы және "Рухани жаңғыру" бағдарламасының 3 жылдығы аясында Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен мемлекеттік тілді дамыту мақсатында еліміздегі жоғары оқу орындарының өзгетілді студенттері арасында 2020 жылдың 29 сәуірінде "Менің Отанымның мемлекеттік тілі" атты қазақ тілінен республикалық онлайн пәндік олимпиада өтті.

Бұл пәндік олимпиадаға біздің университетіміздің "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығының I курс студенті Сучкова Валерия Николаевна қатысып, жүлделі I орынды иеленді. Жеңімпаз атанған студентімізді және жетекшісі магистр-оқытушы Нұрсауле Кәкімжанқызын шын жүректен құттықтаймыз!

ruh3004-2ruh3004-1

Сауалнама - Анкета

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua