Халықаралық ғылыми-теориялық конференция: "Ұлы Отан соғысы (1941-1945 жж.): тарих ғылымындағы тәжірибе мен жаңаша пайымдау"

Университетімізде 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған "Ұлы Отан соғысы (1941-1945 жж.): тарих ғылымындағы тәжірибе мен жаңаша пайымдау" атты халықаралық ғылыми - теориялық конференция өтті

2020 жылдың 21 сәуір күні М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың тарих, экономика және құқық факультетінде 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған  халықаралық ғылыми- теориялық конференция   онлайн-форматта өткізілді.

Конференцияны  дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы мен Қазақстан Республикасының тарихы кафедрасы бірлесе ұйымдастырды.

Конференция жұмысына университеттің профессорлық - оқытушылық құрамы, қоғам өкілдері, Қазақстан мен Ресей Федерациясының түрлі қалалары мен ЖОО-ларынан  ғалымдар қатысты. М. Өтемісов атындағы БҚМУ Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Т. М. Даришева кіріспе сөз сөйледі. Конференцияны  дүние жүзі тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. А.Ш. Журасова жүргізді.

Конференцияда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, т.ғ. д. Смагулова С.О. /»ҰОС жылдарындағы  қазақ тіліндегі әскери мерзімді баспасөздің деректік маңызы»/,Поволжск мемлекеттік Сервис университетінің "профессоры, т.ғ. д. Дубовиков А. М. /»Ұлы Отан соғысындағы «қызыл» мен «қоңыр» казактар»/, Астрахань мемлекеттік университетінің доценттері, т. ғ. к. Воронова А. А./ «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Астраханьдағы жоғары білім мәселелері» / және т.ғ.к. . О. В. Лихолет /«Волгадағы шайқас кезіндегі Астрахань диверсиялық-барлау мектебі (1942 жылдың жазы - 1943 жылдың көктемі)/, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінен т. ғ.к. Н.Аликулова //Ұлы Отан соғысы жылдарында Ақтөбе облысының әскери құрылымдары: жеңіске қосқан үлесі"/, М. Өтемісов атындағы БҚМУ университетінің доценті, т.ғ. к. Боранбаева Б. С. /«Қиыр Шығыс майданындағы қазақ қыздарының батырлық ерлігі» (Орал облысы мысалында), тарих магистрі, "Ғылыми зерттеулерге қолдау беру қоры" жеке қорының директоры А. Ш. Курумбаев/"БҚО Бөкей ордасы ауданы аумағында Ұлы Отан соғысы кезіндегі бауырлас зираттар"/, «Батыс Қазақстан облысының тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы» КММ инспекторы А.К.Батырханов »Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Жәнібек ауданы»  тақырыптарында баяндамалар жасап, пікірлер тыңдалды.

Конференция 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы тарихымен байланысты түрлі мәселелерді талқылауға арналған ғылыми алаң болды.

Конференцияға қатысушылар Ұлы Отан соғысы тарихын зерттеуге ғылыми көзқарасты қамтамасыз ету мен жан-жақты патриоттық жұмыстарды жүргізу қажеттілігін түсіну және өскелең ұрпақтың бойында республиканың соғысқа қосқан елеулі үлесі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру негізіндегі бағыттарда одан әрі жұмыс істеу үшін ұсынымдар жасады.

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған" Ұлы Отан соғысы (1941-1945 жж.): тарих ғылымындағы тәжірибе мен тағылым" атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның қорытындысы бойынша: "Ғылыми-теориялық конференцияның қорытындысын шығара отырып, Ұлы Отан соғысы тарихының жаңа зерттеулері мен жаңа тағылымы бізге 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан  соғысының тарихын  кеңінен қарауға мүмкіндік береді деп есептеу;

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс қазіргі заманның ең ұлы оқиғаларының бірі болып қала береді, 75 жылдан кейін де, ол өткеннің идеалдары негізінде қазіргі кезеңнің өзінде халықтардың бірігуіне, қоғамдық санаға ерлік пен батырлық, Отанға деген риясыз махаббат, шынайы патриотизм, тұтас халықтарды жоюға және бір ұлттың басқа ұлтқа деген артықшылығын бекітуге бағытталған түрлі ұлтшылдық, шовинистік және неофашистік доктриналарды қабылдамауға ықпал етіп келеді;

Ғылыми-теориялық конференцияға қатысушылар 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс фашизмді жеңуге шешуші үлес қосқан кеңес халқының тарихи феномені ретінде көрініс  табатынын атап өтіп отыр. Фашистік Германияны жеңуге бүкіл Кеңестер елінің қатарында Қазақстан да, оның ішінде соғыс жылдарында майдан шебі болып табылған Батыс Қазақстан да лайықты үлес қосты.

Ғылыми-теориялық конференцияға қатысушылар мәселені жан-жақты талқылап, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс сияқты тарихи феноменнің жекелеген жақтарын, бағыттары мен аспектілерін зерттеуде ғылыми, обьективті, үздіксіз және мақсатты көзқарас қажет екендігі туралы қорытынды жасайды.  Бұл  тақырыпты зерттеудің теориялық негізі дүниежүзілік-тарихи және жергілікті-тарихи теория болып табылады, ал әдіснамалық принциптері: кең дерекқорға  сүйене отырып ғылымилық, обьективтілік, көпфакторлылық, көпдеңгейлілік, жүйелілік, жан-жақтылықты қолдану.

Ұлы Отан соғысы тарихын ғылыми көзқарас тұрғысынан зерделеуді қамтамасыз ету мен жан-жақты және кеңінен патриоттық жұмыстарды жүргізу қажеттілігін түсіну мен өскелең ұрпақтың бойында республиканың соғысқа қосқан елеулі үлесі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру негізінде конференцияға қатысушылар келесі ұсынымдарды береді:

1. Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шараларды дайындау мен өткізуді жан-жақты қамтамасыз ету қажет;

2. Соғыс және еңбек ардагерлеріне құрмет пен қамқорлық көрсету рухында өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, тарихи жадыны сақтауға көп көңіл бөлу;

3. Ұлы Отан соғысы тарихының негізгі бағыттарымен айналысатын Ресей Федерациясының жетекші ғалымдарымен және ТМД-ның басқа да елдерімен жан-жақты ынтымақтастықты жалғастыру;

4. ЖОО оқытушыларының қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен түсіндіру және насихаттау жұмыстарын өрістету;

5. Ұлы Отан соғысы тарихы бойынша студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсын ұйымдастыру;

6. Осы ғылыми-теориялық конференцияның қорытындысы бойынша материалдар жинағын дайындау және басып шығару.

Тарих, экономика және құқық факультетінің

дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы

   

Сауалнама - Анкета

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua