Студенттер мен магистранттар ғалым-ұстазбен кездесті

Студенттер мен магистранттар ғалым-ұстазбен кездесті

Қазақстанның ғылыми қызметкерлері күніне байланысты 17 сәуір күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті жаратылыстану-география факультетінің ұйымдастыруымен география кафедрасының доценті, география ғылымдарының кандидаты Татьяна Александровна Терещенкомен студенттер мен магистранттардың кездесуі «ZOOM» байланысында онлайн өткізілді. Кездесу жұмысына факультет профессор-оқытушылары, магистраттар мен студенттер және ғалым-ұстаздың шәкірттері қатынасты. Кездесуге қонақ ретінде Алматы қаласының Қазақ Ұлттық қыздар университетінің ұстаздары Нұрсипа Нұрсаиынқызы Карменова мен Күләш Нұрбергенқызы Мамирова және Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінен Айгүл Мақсатқызы Сергеева қатынасты. Кездесу барысында ұстаз Татьяна Александровна ғылымдағы өмір жолын айтып, география ғылымының қазіргі мәселелеріне тоқталды. Сөз барысында өзінің ұстаздары Ю.Г. Саушкин мен С.А. Ковалев туралы ой қозғап, олардың еңбектеріне тоқталды. Кездесу соңында қатысушы қонақтарымыз сөз алып, өз алғыстарын білдірді. Кездесу «табиғат қоғам шаруашылық» аталатын география ғылымының ең басты қағидасын түсіндірген, ғалым-ұстаз Татьяна Александровнаға зор денсаулық, қажымас қайрат, шәкірттерінің география ғылымының ұлы ғалымдары қатарына қосылсын деген ізгі тілекпен қорытындыланды.

 

Жаратылыстану-география факультетінің деканаты

Сауалнама - Анкета

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua