«Химияны ағылшын тілінде қашықтан оқытуды ұйымдастыру» атты студенттердің ғылыми конференциясы өтті

 

«Химияны ағылшын тілінде қашықтан оқытуды ұйымдастыру» атты студенттердің ғылыми конференциясы өтті

Қазақстанның ғылыми қызметкерлері күніне байланысты 15 сәуір күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жаратылыстану-география факультеті химия кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен «Химияны ағылшын тілінде қашықтан оқытуды ұйымдастыру» атты студенттердің ғылыми конференциясы «ZOOM» бағдарламасы арқылы қашықтан өткізілді. Конференция жұмысына онлайн түрде «Химия» білім бағдарламасының студенттері мен кафедраның профессор-оқытушы құрамы белсене қатынасты. Конференцияның модераторы, химия кафедрасының оқытушысы, магистр А.Р. Кенжеғалиева жүргізді. Конференция барысында кафедра оқытушысы, магистр О.Ж. Ерошев «Термодинамиканың негізгі түсініктері» тақырыбында баяндаса, студенттерге ағылшын тілінде «Chemical equipments» тақырыбында негізгі баяндаманы магистр А.Р. Кенжеғалиева жасады. Сонымен қатар, оқытушы Қ.Қ. Меңдіхан «Chemical formulas» тақырыбындағы баяндамасында студенттерге химиялық формулалардың ағылшын тілінде дұрыс оқылуын көрнекіліктерді пайдална отырып, түсіндірді. Конференция барысында «Химия» білім бағдарламасының 3 курс студенттері А.Хитарова мен А.Жуматов белсенділік танытып, баяндамаларын қорғады. Конференцияның мақсатына жету үшін студенттерге ағылшынша-қазақша сөздік ойыны өткізіліп, студенттердің алған жаңа білімдерін тексеру үшін жазбаша сұрақтармен қорытындыланды. Конференция соңында кафедраның ардагер ұстазы, аға оқытушы Г.Б. Есеева ұйымдастырушылар мен қатынасқан студент-жастарға сәттілік тілеп, студенттердің сапалы білім алуы үшін ғылыми конференциялардың қажеттілігіне тоқталды.

 

Жаратылыстану-география факультетінің деканаты

h2o-1

h2o-1

h2o-1

Сауалнама - Анкета

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua