«Алғыс айту – парызым»

Алғыс айту – парызым»

Көктемнің алғашқы мерекесі Алғыс айту күні еліміз үшін бұл күннің маңызы зор.Талайлы тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай, қамқорлығына алған Қазақстанда адамның адамға құрмет көрсететін күні де белгіленді. Осыған орай М.Өтемісов атындағы БҚМУ – дың Ғылыми кітапхана ұжымы «Алғыс айту – парызым» атты кездесу кешін ұйымдастырды. Аталмыш шараға М.Өтемісов атындағы БҚМУ – дың  Физика – математика ғылымдарының кандидаты, профессор Кузьмичева Александра Егоровна, Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Шайекенов Жангелді Жұмақайұлы , Жаратылыстану ғылымдарының кандидаты Терещенко Татьяна Александровна, Аға оқытушы Мухамбетова   Гайнеш   Гумаровна , Экономика ғылымдарының кандидаты Ахонова Гулнара Кентибаевна, БҚМУ оқытушыларымен студенттердің қолайлы жерде қызмет жасап, тазалықты сақтап келе жатырған  Жумагалиев    Аубакир   Турсынұлы және кітапхананың тұрақты, белсенді оқырмандары педагогика  және  психология  мамандығының 2  курс  студенті Сарсенғалиева    Эльмира   , Филология факультетінің 2 курс студенті Серіков   Бақытжан, Шет  тілі  мамандығының  1 курс  студенті Жеткербаев   Нұржан  қатысты.Ғылыми кітапхана директоры Алимбекерова Тоты Еркінқызы кеш қонақтарын мерекемен құттықтай отырып, өз алғысын білдірді. Шара барысы таныстыру, алғыс білдіру, ән- шашу бағытында өрбіді. Филология факультетінің 1-курс студенті Сарыева Жансая «Алтын бесік» әнімен, сондай – ақ шет тілі мамандығының  1 курс студенті Октяброва Айгерим кеш қонақтары мен бірге әуелете отырып кештің сәнін келтірді. Ғылыми кітапхана ұжымына кеш қонақтары көңілді әрі қызықты кеш үшін ризашылықтарын білдірді. Кешті қорытындылай келе ғылыми кітапхана директоры Тоты Еркінқызы өз ризашылығын айтып, естелікке сыйлықтар табыстады.Біз осы Алғыс айту күнінің мереке есебінде күнтізбемізге енгеніне өте қуаныштыз. Жүрегіміз нұрға, көңіліміз жырға толып, әдемі еске қалар күні ғана емес, әрдайым бір- бірімізге жылы лебіз - тілектерімізді аямай жүруді сезіндік. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы кеп тұратының естен шығармайық. Табиғат пен Анаға мейірімді күні үшін, риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпайық деген мақсатпен кешімізді аяқтадық.

Algis aity 1

Algis aity 2

Algis aity 3

                                                                                                                       Дандыкулова Алтыншаш

Сауалнама - Анкета

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua