Ұстазға құрмет

Ұстазға құрмет

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Б.А.Молдағалиевтың 70 жас мерейтойына орай «Ұлағатты ұстаз, ғибратты ғалым» атты салтанатты жиын өтті. Шараны п.ғ.к., доцент, Педагогика факультетінің деканы Габдрахманова Шынар Төлегеновна ашып, жүргізіп отырды.Жиында М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректораты тарапынан п.ғ.д., доцент, оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Тасмагамбетов Асет Сембаевич құттықтау сөз сөйлеп, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың Құрмет грамотасымен марапаттап, шапан жапты.  Сонымен қатар, п.ғ.д., профессор, М.Өтемісов атындағы БҚМУ «Рухани жаңғыру» институтының директоры Қыдыршаев Абат Сатыбайұлы, п.ғ.к., тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Дәрішева Түймеш Малбағарқызы құттықтау сөз сөйлеп, университет қабырғасында 44 жыл бойы атқарған қызметін жоғары бағалайтындығын атап өтті. Ал М.Өтемісов атындағы БҚМУ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Сулейменов Мерген Куанышевич те ұстазды мерейлі жасымен құттықтап, санаторийге жолдама табыстады. Кеш барысында Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі Кулдашева Надежда Утегалиевна ғалымның ғылыми-шығармашылық жолымен таныстырып өтсе, экраннан Б.А.Молдағалиевке арналған «Ұлағатты ұстаз, ғибратты ғалым» бейнебаяны көрсетілді. Ұлағатты ұстазды  БҚИТУ доценті, педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі Кинжекова Рысканым Салимовна, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі директорының орынбасары Нурашева  Гүлнар Сырымовна және Ильясова Райса Касымовна, «Өрлеу» БАҰО БҚО бойынша АҚ филиалы институтының кафедра меңгерушісі Жумагалиева Динара Шынболатовна ұжым мүшелерінің атынан құттықтап, құттықтау қағазы мен гүл шоқтарын табыс етті. Әріптес замандастары М.Өтемісов атындағы БҚМУ доценті п.ғ.д. Сарсенбаева Ботакоз Иватовна, пс.ғ.к. Нургалиев Кеңес Айтжанович, ардагер-ұстаз Хусаинов Мергали Сергазиевич Б.А.Молдағалиевтың университет қабырғасында кәсіби қалыптасуын еске алып, оқытушылық, ғылыми және тәрбиелік қызметте атқарған еңбегі жөнінде айтты. Ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек еткен ұстаздың шәкірттерінің бірі Мәдениет және өнер факультетінің деканы, PhD докторы Кажимова Карылғаш Рахымовна, педагогика және психология магистрі, аға оқытушы Маденова Лаззат Мутиголлиевна сөз сөйлеп, ақжарма тілектерін арнады. Педагогика факультетінің деканы п.ғ.к., доцент Габдрахманова Шынар Төлегеновна мен Педагогика факультетінің ұжымы да ұстазға ізгі ниеттерін білдіріп, гүл шоқтарын табыстады. Кеш соңында мерейтой иесі сөз алып, келген қонақтарға ризашылығы мен алғысын білдірді.

Сауалнама - Анкета

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua