Ән еркесі-Ескендір

Ән еркесі-Ескендір

24-ақпан күні ғылыми кітапхананың №4 оқу залында Қазақстан Республикасының халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, халқының сүйікті әншісі,композитор, жерлесіміз Ескендір Хасанғалиевтың 80 жасқа толуына орай «Ән еркесі-Ескендір» атты  әдеби-сазды кеш өткізілді. Кешке педагогика,филология факультетінің студенттері , оқытушылары, кітапхана қызметкерлері қатысты. Кеш мақсаты студенттерге композитор Е.Хасанғалиевтың өміржолдары мен шығармашылығын насихаттау. Кеште педагогика факультетінің тәрбие ісі жөніндегі деканның орынбасары Айтжанова Ақмарал Сағынтайқызы Е.Хасанғалиев туралы мәлімет беріп композитордың баласы Хасанғалиев Біржанмен бірге оқығанын айтып өтті.Кеш барысында студенттер»Анаға сәлем»әнін Тулеубаева Айдана, «Әдемі-ау» әнін Кінәмаев Ернұр, Байпатша Гулфат» «Елігім-еркем», Олжағали Арай «Сағындым сені», Сариева Жансая «Туған жер»әндерін нақышына келтіре орындады. Ескендір Хасанғалиев туралы бейнеролик тамашаланып, студенттерге композитордың өміржолдары, шығармашылығы туралы сұрақтар қойылды. Жауап берген студенттерге арнайы сыйлықтар берілді.Е.Хасанғалиевтың өміржолдарын Жайна Әбдіғани таныстырып өтсе, «Атамекен» әнінің шығу тарихын Қуаныш Гулайым , ал сұрақтарқойып жауаптарын алған студентіміз Көлдеубаева Сымбат. Кешті педагогика факультетінің деканы Ғабдырахманова Шынар Төлегенқызы қортындылап , композитордың әндері қазақ жырларының тарихында үлкен роль алып, бұдан кейін де жаңғыра беретіндігін айтып өтті. Кешіміздің соңында композитордың «Атамекен» әні барлық қатысушылардың хорымен аяқталды.

Eskendir 1eskendir 2

Eskendir 4

Сауалнама - Анкета

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua