«Қазақтың Қадыры»

«Қазақтың Қадыры»

М.Өтемісов атындағы Батыс  Қазақстан  мемлекеттік  университетінің ғылыми  кітапханасы  тек  Қазақстанда  ғана  емес, сонымен  қатар   шекаралас ресейлік губернияларда танымал фотограф Халелов Рафхаттың ақын Қадыр Мырза Әлидің 85 жылдығына арналған «Қазақтың Қадыры»  атты  фотокөрмесін ұйымдастырды. Фотокөрменің авторы Рафхат Халелов  – көптеген жылдар бойы ұлы ақын – жерлесімізбен кездесіп, ақынның өмірі мен шығармашылығының ең жарқын сәттерін суретке түсірген.Кешке  қатысушы қызметкерлер, оқытушылар мен студенттер көрменің құрметті  қонақтары  Жолдықайырова  Меруерт, Әжібаев Есберген, Оңғарбеков Марат, Танабаева  Сара, Бақтияров  Құсайын, Берген Мақсоттардың әңгімелерін аса қызығушылықпен тыңдады. Шара  барысында   әнші, оқытушы Қуаншалиева Раушан «Тамды аруы» , Нұрмұханов  Қайыржан «Сыған серенадасы» әнімен қонақтарға әдемі көңіл – күй сыйлады. Ал №1 мектеп оқушысы Шапағат Аяла, № 20 мектеп оқушысы Аманғалиев Аян мен ғылыми кітапхана кітапханашысы Айымгүл Махметқызы, кітапхананың белсендіоқырманы 2 – курс студенті Изимов Ернұр ақынның поэтикалық жинағынан өлең оқыды. Кеш соңында университеттің тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Түймеш Малбағарқызы және ғылыми кітапхана директоры Тоты- Құс Еркінқызы қазақстандықтардың сүйікті ақынның сан – қырлы бейнесін ашып көрсеткендері үшін қонақтар мен кеш иесі Рафхат Халеловқа ерекше алғысын білдірді. Бұл кеш өмірдің шынайы құндылықтары туралы ой мен сөз қозғалған, ұрпақтар сабақтастығының көрнекі сабағы болды. Кездесу қазақ халқының сүйікті әні Қадыр Мырза Әли сөзін жазған «Атамекен» әнімен қорытындыланды.

Kazak Kidir 1

Kazak Kidir 2

Kazak Kadir 8

 

 

 

 

 

 

 

Kazak Kidir 3

Kazak Kidir 4

Kazak Kidir 5

Сауалнама - Анкета

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua