«Заманауи технологиялар білім сапасын басқарудың құралы ретінде» семинары бойынша есеп

                                  «Заманауи технологиялар білім сапасын басқарудың құралы ретінде» семинары бойынша есеп

2020 жылдың 13 – 16 қаңтар аралығында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор А.С.Тасмағамбетовтың басшылығымен академиялық қызмет департаменті «Заманауи технологиялар білім сапасын басқарудың құралы ретінде» тақырыбында төрт күндік оқу семинарларын ұйымдастырды. Семинар жұмысына факультет декандары, декандардың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, "Өрлеу" біліктілікті арттыру орталығының өкілдері және жас оқытушылар қатысты.Оқыту семинары аясында тренингтер, мастер-класстар, интерактивті пікірталастар өткізілді.Академиялық қызмет департаментінің директоры Г.С.Кайсагалиева жас оқытушылармен М. Өтемісов атындағы БҚМУ академиялық үрдістің ерекшеліктері және негізгі нормативтік-құқықтық құжаттар туралы интерактивті пікірталас өткізді.Білім беру бағдарламаларының жобалық кеңсесінің жетекшісі Б.Ж.Джангазиева декандар және олардың орынбасарларымен, кафедра меңгерушілерімен білім беру бағдарламаларын жобалау мәселесі бойынша семинар-тренинг өткізді.Оқу үрдісін жоспарлау және ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі С.А.Кажиахметов аралық және қорытынды бақылауды жүргізудің негізгі формалары мен әдістері бойынша семинар өткізді.Университеттің жетекші оқытушылары жас педагогтарды кәсіби қолдау және педагогикалық шеберлікті жетілдіру бойынша практикалық-бағытталған, әдістемелік көмек көрсету мақсатында мастер-класстар өткізді: Г.Г.Мухамбетова - информатика кафедрасының аға оқытушысы: «Дәріс сабақтарды интерактивті әдістерді қолданып өткізу», Г.А.Садыкова - экономика және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы: «Блум таксономиясын қолдану арқылы семинар сабақтарын өткізу әдістемесі», А.С.Криуля – орыс филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, магистр – «Онлайн-курстарды құру және өткізу мәселелері және олардың даму перспективалары», А.Т.Ергалиева – өнертану кандидаты, доцент, дәстүрлі музыкалық және орындаушылық өнер кафедрасы: «Музыкалық аспапты меңгеруде қолданылатын озық педагогикалық технологиялар», Г.А.Бимагамбетова – б.ғ.к., доцент, биология және экология кафедрасы: «Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларын сабақтарда қолдану жолдары», Б.Х.Ходжанова - аға оқытушы, география кафедрасы: «Реттелген адам – қоғамның қозғаушы күші», Д.Г.Хабиева - аға оқытушы, С.Н.Ерниязова - аға оқытушы, мектепке дейінгі және бастауыш оқыту кафедрасы: «ЖОО-да студенттердің өзіндік жұмысын тиімді ұйымдастыру жолдары». Оқыту семинарына "Өрлеу" БАҰО " АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ Білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының аға оқытушысы К. И. Байқатова қатысып, оқытушылармен фасилитацияланған сессия ұйымдастырды. 

      «Заманауи технологиялар білім сапасын басқарудың құралы ретінде» тақырыбындағы оқыту семинарларының қорытындысы бойынша келесі ұсыныстар қабылданды:

1) Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамына пәндер силлабустарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

2) Кафедраның ПОҚ оқыту онлайн-курстарын әзірлеу;

3) Оқу үрдісінде студенттерді оқытудың белсенді және интерактивті әдістерін қолдану тәжірибесін енгізу.

Сем 3

Сем 2

Сем 5

Сем 4

 

 

 

Сауалнама - Анкета

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua