Қазақтың дана Қадыры

                                                                                                     Қазақтың дана Қадыры

Bibknig Ақын,  Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері туған халқының жүрегіне сұлу, сырлы өлеңдерімен өрнектеп жазып кеткен Қадыр Мырза Әлінің туғанына 85 жыл толуына орай М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Ғылыми кітапханасының №1 гуманитарлық ғылымдар оқу залында «Өлең сөздің зергері - Қадыр ақын» атты ақын шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде «Жазмыш»,» Иірім», «Таңдамалы туындыларының көп томдығы», «Ғибратнәмә», «Прапамять», «заманай», «таңдамалы шығармалар», «Қылыш пен қанжар күндерай» Т-1, «Мәңгі майдан әулетім-дәулетім» Т-2, «Еңіреп өткен ерлер- ай», «Соловьиный сад», «Ладони» атты бірқатар еңбектері мен мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалар тізбегі топтастырылған.Ақын белгілі бір тақырыпты терең зерттеп зерделейтін жүйе жинақтарды өмірге әкелді. Олар «Ақ отау», «Бұлбұл бағы», «Ой арманы», «Домбыра», «Қызыл кітап», «Мәңгі майдан», «Қылыш пен қанжар», тағы басқа жинақтар қазақ поэзиясында бұрын – соңды болып қөрмеген құбылыс ретінде қабылданды. Ақын қаламынан әдебиеттің әр жанрына қатысты шығармалар туды.

 

 

 

Сауалнама - Анкета

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua