Белсенді өмір – жүз жастық ғұмыр

                                                                               Белсенді өмір – жүз жастық ғұмыр

8 қаңтар күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде университет кәсіподағының ұйымдастыруымен өз шымылдығын түрген  профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер арасындағы 63-ші «Денсаулық» спартакиадасы өз мәресіне жетті. Әуесқой спортшылардың жүлде үшін тартысы қарқынды әрі қызықты болды.6 спорт түрінен ұйымдастырылған сайысқа 9 команда қатысқан болатын. 3 күнге созылған сайыста қатысушылар сын  алаңдарына шығып, жеңіс үшін жан аямай  шеберліктерін көрсетті. Байрақты бәсекеде волейбол ойынынан Физика-математика факультеті, шахмат ойынынан  Ақпараттық технология факультеті, үстел теннисінен  Мәдениет және өнер факультеті, тартысқа толы эстафетадан Мәдениет және өнер факультеті, дойбыдан Физика-математика факультеті, арқан тартыстан Мәдениет және өнер факультеті үздіктер қатарынан көрініп, жүлделі І орынды иеленді.Жалпы командалық есеп бойынша, Физика-математика факультеті І орынды қанжығасына байласа, Мәдениет және өнер факультеті жарыстың ІІ орынын еншіледі. Ал Әкімшілік бөлімі ІІІ орынға тұрақтады.Сондай-ақ, шара барысында белсенділік танытқан Мерболат Имангалиев, Хамидолла Куставлетов, Сисен Сертеков, Нуржан Нагимов, Тайман Казиев, Азамат Дюсенбаев, Валия Рамазанова, Кеңес Тастаев, Светлана Баюканская, Мухамбет Қадырбаев, Абат Қыдыршаев, Акмарал Айтжановалар үздіктер қатарынан көрініп, шебер ойын өрнегін көрсете білді.Сайысқа қатысушы барлық жеңімпаздар Алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталып, аламан ойын тамаша көңіл-күймен өз мәресіне жетті.

                                                                                                                                                                         Азиза СУЙНШКАЛИЕВА

 

 

Сауалнама - Анкета

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua