Ғылыми жобаның презентациясы өтті

                                                                          Ғылыми жобаның презентациясы өтті

Ханшайым киім 7 Бүгін Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Батыс Қазақстан облысының «Тақсай-1» қорғанынан табылған «Алтын ханшайымның» тарихи костюмін  қайта өңдеу» атты ғылыми жобаның презентациясы өтті. Оған арнайы шақырылған қонақтар мен  профессор-оқытушылар құрамы, студенттер қауымы қатысты. Жобаның мақсаты - БҚО «Тақсай-1» қорғанынан табылған  «Алтын ханшайым» тарихи костюмін археологиялық мәліметтерге сүйене отырып қайта өңдеу.«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Батыс Қазақстан облыстық тарих және экология орталығы 2012 жылы қазба жұмыстарын жүргізген кезде Теректі ауданы Долинный ауылы маңында орналасқан «Тақсай» кешенінен қорған табылған болатын. «Алтын ханшайым» болып аталған, ежелгі сармат кезеңіне жататын ақсүйек әйел адамның қабірінен көптеген алтын бұйымдар табылып, оның жалпы салмағы 3 келіге жуықтаған. Алтын бұйымдармен бірге қола айна, тұмарлардың табылуы – оның сарматтың абыз әйелі екендігін танытады.Шара хореография мамандығы студенттерінің «Киіз өрнектері» биімен ашылды. Одан әрі кештің алғы сөзін алған университеттің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Қажымұрат Ахмеденов шараға қатысушыларға ғылыми жобаның мақсаты мен міндетін айтып берді. Ал, тарих ғылымдарының докторы, профессор Сдыков Мұрат Наурызғалиұлы мен аталмыш жобаның Ханшайым киім 4ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Кайнбаева Жәмила Советқызы:-«Алтын ханшайым» костюмін қайта өңдеудің алғашқы жұмыстарын  белгілі қайта өңдеуші Крым Алтынбеков пен «Остров Крым» ғылыми өңдеу зертханасының мамандары жүргізіп, «Тақсай-1» қорғанының №6 кешенінен табылған материалдар негізінде әйел адамның көркем бейнесін  жасаған. Алайда аталған тарихи костюмнің бейнесін толық аяқталды деп есептеуге болмайды. Материалдар, түстер үйлесімділігі, «Алтын ханшайым» костюмінің көйлегі, шекпені, бас киімінің құрылымдық бөліктерінің элементтері жөнінде даулы мәселелер туындады. Ғылыми жоба құрылымдық түрі мен сол кездегі костюм мен киім жөніндегі тарихи мәліметтерді ескере отырып, БҚО Ханшайым киім 2 «Тақсай-1» қорғанынан табылған  «Алтын ханшайым» костюміне баламалы қайта өңдеу жасауға арналған, - деп жұмыстың орындалу барысымен таныстырып өтті.Көптен күткен сәт те жетіп, «Алтын ханшайымның» тарихи киімінің алътернативті қайта жаңғыруын зерттеу тобының мүшелері, аға оқытушы, магистр Нұрдәулет Асқарұлы мен аға оқытушы, өнер магистрі  Юлия Вячеславовна ашып, көрсетті. Көрсетілімнен соң жиылғандар зерттеу тобының мүшелеріне бірнеше сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.Кеш «Дәстүрлі музыкалық өнер» мамандығының 2-курс студенті Қайрат Байғұттының орындауындағы Дәулеткерейдің «Көрөғлы» күйімен өз мәресіне жетті.

                                                                                                                   Азиза СУЙНШКАЛИЕВА

Сауалнама - Анкета

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua