«Паллиативті көмек: психологиялық-әлеуметтік және медициналық аспектілер» тақырыбындағы қалалық семинар

 «Паллиативті көмек: психологиялық-әлеуметтік және медициналық аспектілер» тақырыбындағы қалалық семинар 

2019 жылдың 25 желтоқсанында М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Паллиативтік көмек бойынша диагностика және түзету, алдын-алу, бейімдеу және авторлық әдістемелерді әзірлеу» жобасы аясында «Паллиативті көмек: психологиялық-әлеуметтік және медициналық аспектілер» тақырыбында қалалық семинар өтті. Жоба жетекшісі - т.ғ.д., доцент Адельбаева Н.А. және бірлескен жетекші – педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушы-магистр Кулдашева Н.У., жоба мүшелері: мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының аға оқытушы – магистрі Федорченко Л.А., «Психология» білім беру бағдарламасының 2 курс магистранттары Гизатова А.С. және Орынгалиева Д.Н.Семинарға қалалық денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері, Орал қалалық емханаларының медициналық қызметкерлері мен психологтары, педагогика және психология кафедрасының профессорлық оқытушылық құрамы, сондай-ақ магистранттар қатысты.Бағдарлама бойынша семинарды М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, г.ғ.к., доцент Ахмеденов К.М. алғы сөзбен бастады.Семинар барысында п.ғ.к., т.ғ.д., доцент Адельбаева Н.А. «Паллиативті көмек бойынша жұмысты жүзеге асыру» тақырыбында, Педагогика факультетінің деканы, п.ғ.к., доцент Габдрахманова Ш.Т. «Эмоционалды жануды алдын-алу кезіндегі психологтың қызметі» тақырыбында, Орал қаласының № 5 қалалық емханасының психологы Кабесова Г.Т. «Паллиативті көмекке шығуда әлеуметтік қызметкер мен психологтың жұмыс ерекшеліктері» тақырыбында және мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының аға оқытушы-магистрі Федорченко Л.А. «Паллиативті көмек жүйесіндегі психологтың рөлі» тақырыбында өз баяндамаларын оқыды. Сонымен қатар, семинар барысында денсаулық сақтау қызметкерлері мен психологтарына «Коммуникативті қабілеттерді дамыту» тренингісі жүргізілді.Семинар соңында қатысушылар тақырып бойынша өз пікірлерін білдіріп, тәжірибелерімен бөлісті.

Сауалнама - Анкета

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua