Рухани жаңғыру – ертеңіміздің кепілі

                      Рухани жаңғыру – ертеңіміздің кепілі

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан  мемлекеттік университеті «Рухани жаңғыру» институты «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының ұйымдастыруымен 10 желтоқсан күні «Рухани жаңғыру  – ұлт рухының алтын діңгегі» атты көшбасшы студенттерге арналған дөңгелек үстел оздырылды. Кешті «Рухани жаңғыру» институтының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қыдыршаев Абат Сатыбайұлы ашып, жүргізіп отырды. Алғысөзден кейін баяндамалар мен жарыссөзге кезек беріліп, баяндамашылар Абат Сатыбайұлы «Абайтану – рухани жаңғыру айнасы»,  «Рухани жаңғыру» институтының ғылыми қызметкері Тұрар Төлегенұлы «Культ знаний и прагматизм – фундамент  конкурентоспособности молодежи», «Рухани жаңғыру» институтының ғылыми қызметкері, оқытушы-магистр Данял Жұпмағамбетұлы «Ұлт тарихын жаңғыртудағы Елбасы үлесі», жаратылыстану-жағырафия факультеті деканының  орынбасары, аға оқытушы Жаннат Сәңкібайқызы «Қызғалдақ – дала өркениетінің символы»,  Жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі Елдос Айдарбекұлы «Рухани сананы жаңғыртудағы жастардың орны»,  студенттік  ректор ЖандосМендешұлы «Рухани жаңғыруды біз қалай түсінеміз?», Рухани жаңғыру» институтының әдіскері Гүлдана Хайроллақызы  «Рухани жаңғыру» институтының келелі істері» тақырыптарында баяндамаларын баяндап, жарыссөз ұйымдастырды. Жиын соңында қатысушылар бір-біріне сауалдарын жолдап, дөңгелек үстелді қорытындылады.Айта кетейік, дөңгелек үстелде университет ғылыми кітапханасының директоры Тоты Еркінқызының жетекшілігімен «Әбунасыр әл-Фараби мен Абай Құнанбайұлы туындылары – ұлт   руханиятының  мол мұрасы» тақырыбындағы кітап көрмесіне шолу жасалды.

     

 

Сауалнама - Анкета

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua