Жағымды жаңалық

                                                                                    Жағымды жаңалық

Әлеуметтік желіні шолып отырып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жастармен кездесуінде: «Бүгінде өзекті мәселелердің бірі ЖОО студенттердің шәкіртақысын өсіру екенін білемін. Бұл мәселе сол күйі назардан тыс қалды, 2016 жылдан бері шәкіртақы өскен жоқ. Оған себептер бар. Сондықтан да студенттерді қолдау мақсатында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бакалавриат, магистратура және докторантурада оқитын жалпы саны 133 мың студенттің шәкіртақысын 25 пайызға өсіруді тапсырамын», - дегенін оқыдым.  Әрине, оқып отырып қатты қуандым. Себебі, мен де  грантта оқитын шәкіртақы иесімін. Ал шәкіртақының өсетінін естіген әрбір студенттің қуанатыны айтпаса да белгілі. Елдің ертеңі болар жасампаз елдің жастарын қолдау өте орынды. Білім жолында барынша ізденіп жүрген студенттерге қазіргідей ақша билеген заманда шәкіртақының өсуі пайдалы екені анық. Ол студенттердің білімге құштарлығын оятып, жігерлендіреді. Жетістікке жету жолында талмай еңбектенуге себеп болады. Міне, осылайша білім сапасы көтеріліп, студенттің өз мамандығының білікті де білгірі болуына жол ашады.Барша шәкіртақы иелерін бұл жаңалықпен құттықтай отырып, бізге артылған үмітті ақтауға шақырамын!

                                                                                                                    Дәурен Ғұмаров,

                                                                                                                                   ҚТӘ-11 тобының студенті

Сауалнама - Анкета

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua